Қазақстан ауған еліне астық жөнелтуден қауіптеніп отыр

Жүк тасымалы
24.08.2021, 10:27
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша былтыр Қазақстаннан Ауғанстанға 527 мың тонна бидай экспортталған. Астықтың басқа түрлерінен 12 мың тонна, майлы дақылдар 31,6 мың тонна, ұн 1 млн 150 мың тонна жөнелтілген, деп хабарлайды Rail-news.kz. Ал биыл бірінші жартыжылдықта ауған бағытына қарай 328 мың тонна бидай, басқа түрлері 3,6 мың тонна, майлы дақылдар 9,4 мың тонна және ұн 430 мың тонна жіберілген. Алайда бүгінде Ауғанстандағы алмағайып жағдай қазақстандық астық трейдерлерін алаңдатып отыр. Егін науқаны аяқталып, астық жөнелтетін мезгіл таяп келеді, яғни жылдағыдай экспортқа астық шығарылатын кез. Соның ішінде осы ел – астық сұранысы жоғарылап келе жатқан бағыт болатын. Енді Қазақстаннан астық жөнелтетіндердің жағдайы қалай болатыны белгісіз. Әрине, елде астықтың шығымы жылдағыдай емес, биылғы қуаңшылыққа байланысты аз өнімді экспорттау мөлшері де азаятыны белгілі. «Астық Транс» кәсіпорнының басшысы Жандос Қуанышевтің айтуынша, егер осы бағытта вагондар айналымы төмендер болса, соған сәйкес шешім шығарылып, ол жаққа жіберілген вагондар қайтатынына көз жетпегендіктен, вагондар жөнелтуді тоқтатады. Сондықтан тәуекел жоғарылаған жағдайда ауған еліне жүк тиеуден бас тартуды да көздеп отыр.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті