Контейнерлердің саны мен сапасы анықталмақ

Жүк тасымалы
17.09.2021, 11:34
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолында контейнерлер санағын жүргізу басталды. Бұл туралы ТМД мемлекеттері мен Грузия, Латвия, Литва және Эстонияның Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің биылғы 15 қыркүйекте өткен теміржол көлігіндегі оперативтік және статистикалық есеп әдіснамасы мәселелері жөніндегі комиссиясының 14-ші отырысында айтылып, бекітілді. Санақ жұмысы контейнерлердің жалпы желілік заттай санағы жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Контейнерлер санағын сапалы дайындау мен жүргізуді және оның нәтижелерін тапсыруды қамтамасыз ету үшін санақты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы В.Петровтан бастап, аталған серіктестіктің вагон шаруашылығы департаменті, компанияның «Көп функционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы бизнес-аналитика департаменті, «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы өкілдері бар. Комиссия төрағасы барлық жерде санақ материалдарын көбейтуді, санақты жүргізуге сапалы дайындықты, контейнерлердің санақпен толық қамтылуын, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлімшелері бойынша санақ нәтижелері туралы ақпараттың дұрыстығын, сондай-ақ ол ақпараттардың дер кезінде тапсырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жүк тасымалы бөлімшелері директорлары меншігінде кірме жолдары бар ұйымдар басшыларымен станциялардың қызметкерлерінен құрылған санақ бригадаларының жалпы пайдаланылмайтын жолдарға кіруіне рұқсат беру тәртібін дер кезінде келісуі керек. Ал станция бастықтары қыркүйектің 13-і мен 14-і аралығында санақ тізімдеріндегі контейнерлердің нөмірлері туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін станциялар мен жалпы пайдаланылмайтын жолдарда, контейнерлік алаңшаларда және кірме жолдарда ұзақ уақыт бос тұрған контейнерлердің нөмірлерін алдын ала көшіріп жазуы қажет. Сонымен қатар контейнердегі және санақ тізіміндегі әр нөмірдің дұрыстығын оперативтік тексеру үшін техникалық және ақпараттық құралдардың барлық мүмкіндіктерін қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті