Ашылғанына 5 жыл болған «Боржақты-Ерсай» теміржолы жүк тасымалын еселей түсті

Жүк тасымалы
21.09.2021, 14:35
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 Еліміздің транзиттік әлеуетін сан еселеп арттыратын Құрық порты жылына 4 млн тоннаға дейін жүк жөнелте алады. Ал осы портқа жан-жақтан келетін жүктерді жеткізу үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2014 жылы құрылысы басталып, 2016 жылы ашылған «Боржақты-Ерсай» теміржолы – небары 14 шақырымды құраса да экономикалық тиімділігі жоғары бағаланған жоба. Бүгінде Шығыс-Батыс көлік дәлізінің негізгі бөлігіне айналған теміржол Құрық портын негізгі магистральмен байланыстырады. Маңғыстау-Өзен теміржолымен түйістіретін теміржолдың басы – Маңғыстау станциясынан бағыт алатын «Р» бекеті мен Ералы станциясы теміржолының аралығында жатқан Боржақты станциясы. Ал екінші шеті – Ерсай станциясы Құрық портында орналасқан. Қазақстанның қуатты халықаралық портына айналады деп үміт күтіп отырған Құрық портын дамытудың ауқымды жоспарындағы ең маңызды жоба. Жаңа темір жол желісі алғашқы бес жылдың ішінде жылына 8 млн тоннадан астам жүк тасымалын қамтамасыз етеді деп болжанған, себебі ол Құрық порты ауданындағы кеме жасау және кеме жөндеу зауыты, металл конструкцияларының зауыты сияқты дамып келе жатқан өндірістерге көліктік қызмет көрсетеді.

Құрық портының арнайы сайтындағы мәліметтерге жүгінсек, биыл жылдың алғашқы 4 айында порт арқылы жүктерді өткізу көлемі 260 мың тоннаны құраған. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев аталған порттың жұмысымен танысуға барған кезде айтылды. Компания басшысы Қазақстанның көлік қызметтері бойынша еуразиялық нарықтағы транзиттік мемлекет ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін портты одан әрі дамыту керектігін жеткізген. Мәліметтерге көз жүгіртсек, порт арқылы былтыр 785 330 тонна жүк экспортталған. Сондай-ақ өткен жылы 1,56 млн тонна жүк тиеліп, түсірілген. Боржақты және Ерсай станцияларында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Бағдаршам ашылмай қалған жағдайда бұрма тұйықталуын қамтамасыз ету үшін электрлік орталықтандыру құрылғылары енгізілген, ДХ-500 аппаратурасы қондырылған. Сол арқылы бекет аралық, пойыз радиобайланысы, энергодиспетчерлік байланыс және электромеханиктердің қызмет байланысы жүзеге асырылып отыр.

Боржақты-Ерсай телімінің пайдалануға берілуі – жаңа жұмыс көздерін ашып қана қоймай, Құрық портының жандануына ықпал етіп, болашақтың игілігіне қызмет етуде. Оны салуға 250 жұмысшы жұмылдырылса, салынып біткеннен кейін осы жолдың бойында 52 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазақстан үшін екінші теңіз қақпасы Құрық порты бой көтерсе, Боржақты-Ерсай бойымен Еуропа жүктері жеткізіліп, көк теңіз арқылы әлем елдерінің тауарлары тасымалдануда. Бүгінде осы темір жол арқылы жүктер үздіксіз жеткізіліп жатқан Құрық порты Еуропа мен Қытайдың арасын қосатын үлкен трансқұрлықтық маңызы бар тасымалдау портына айналды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті