Жылу беру маусымы кезіндегі көмір тасымалы жоспарға сай жүріп жатыр

Жүк тасымалы
01.10.2021, 13:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жылыту маусымына дайындық аясында 1 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін теміржол көлігімен 40 млн тоннаға жуық көмір тасымалданған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымында халықты көмірмен қамтамасыз ету: қатты отынмен биржалық сауданың нәтижелері» тақырыбымен өткен брифингте ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қыркүйек айынан бастап жоспар 98 мың тоннаға, яғни 1%-ға асыра орындалыпты. Өткен жылға қарағанда 245 мың тоннаға артық тиелген. Қыркүйектің 27 күнінде жалпы көмір тиеу 7,9 млн тоннаны құрап отыр.

– Республика бойынша 200 теміржол тұйығы көмір тасымалына қатысуда. Биыл жоспарланған 500 мың тоннаның 200 мың тоннасы сатылды. Осы саудаға қатысқан әрбір теміржол тұйығына барып, баға туралы жоспарлар анықталды. Оның иелері тікелей өндірушіден алса, әлдеқайда арзан екеніне көз жеткізіп отыр. Биыл осы 10 пайыз көмір бойынша қымбатшылық болмайды деген болжам бар, – деді екінші спикер, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон жұмыс істейді. Оның 35 мыңы немесе 55%-ы көмір тасымалдауға тартылған. Соның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ меншік паркінде – 21 мың ашық вагон, оның ішінде көмірге – 13 мың, ҚР басқа меншік иелері – 24 мың ашық вагон және 14 мың ашық вагон басқа мемлекеттерге тиесілі. Яғни, паркте аталған кезеңде қажетті көмір көлемін тасымалдауды қанағаттандыру үшін жартылай ашық вагондар саны жеткілікті. Болжамдарға және көмір тиеудің маусымдылығына сәйкес, тасымалдардың орташа көлемі 4 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін, оған «Қазтеміртранс» АҚ-ның шамамен 17 мың вагоны қажет болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының жанында көмір тасымалдау жөніндегі штаб, ал жол бөлімшелерінде жедел топтар жұмыс істейді. Олар жүк жөнелтушілермен бірлесіп туындаған барлық мәселелер шешіледі, вагондардың жүк операцияларында тұрып қалуын қысқарту мен айналымның орындалуын бақылайды. Жиынға қатысқан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында көмір тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты. «Аталған өңірлердегі мәселе бойынша біз талдау жасадық. Өскемен қаласындағы «Топливная транспортная компания» теміржол тұйығына көмір тиеу 110 пайызға орындалған. Ал Қаражыра көмір кенішінен жоспар бойынша күніне 8 вагон көмір жөнелтілуде. Мысалы, кеше сол жерден 18 вагон түсірілді. Бүгін 19 вагон түсіріліп жатыр. Сол тұйыққа 23 вагон тағы келе жатыр. Яғни, дәл сол жерге көмір жоспардан артық жеткізіліп жатыр», – деді ол.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті