Төтенше жағдайға дайын
Жаңалықтар
31.05.2016, 12:06
Астана вокзалында №9 «Алматы – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызында кездескен белгісіз күдікті науқасты анықтауға байланысты оқу-жаттығу өткізілді.
Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткен оқу-жаттығу жолаушылар пойызында белгісіз «этиология безгегіне» күдікті науқасты анықтау кезінде эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралардың барлық мүдделі қызметтерін пайдаланып жұмыс жасау мақсатында жүргізілген болатын. Сценарий бойынша 23 мамыр күні Астана уақытымен сағат 14:40-да Астана бекетінің станциялық диспетчеріне №9 «Алматы – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызының басшысынан телефон бойынша №14 купелі вагондағы 35 жастағы В. деген жолаушыдан белгісіз «этиология безгегіне» күдікті аурудың белгілері жолсерікпен анықталғаны туралы хабарланды. Жолаушының дене қызуы 38,30С-қа дейін жоғарылаған, терісінде бөртпе пайда болған және қалтырау мен әлсіреуге шағым білдірген.
Аурудың табылғаны туралы ақпарат мемлекеттік органдар мен ұйымдардың барлық қатысты лауазымды тұлғаларына схема бойынша жеткізілді. Оқу-жаттығу барысында карантиндік-шектеулі шараларды жолаушылар пойызында ұйымдастыру бойынша және ауырған науқаспен байланыс жасаған адамдарды емдеу-профилактикалық ұйымдарға оқшаулауға және ауруханаға жатқызу бойынша медицина мекемелерінің, Астана станциясы мен вокзал қызметінің, пойыз бригадаларының өзара әрекеті мен жедел жауап қайтаруы туралы мәселелер қарастырылды.
Барлық қатысты қызметтер карантиндік аурулардың таралуы мен әкелінуінің алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және емдеу шаралары мен ұйымдастырылған кешенді жоспар аясындағы өз қызметтерін атқарды және әрекет алгоритмі өз уақытында рет-ретімен орындалды. Қызметтердің кез-келген уақытта орын алуы мүмкін төтенше жағдайға дайын екендерін байқатты. Оқу-жаттығуға департамент басшысының орынбасары Ф.Б.Бисмилдин, бөлім басшысы Айгүл Қаспарова, бас маман Айжан Жүнісова, жетекші маман Динара Әділхановалар қызу атсалысты.
Абзал ТӨРЕБАЙҰЛЫ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты