Дөңес қызметі жетілдірілуде

Жаңалықтар
24.01.2017, 12:36
Оқуға 3 мин
Семей станциясы Шығыс өңіріндегі ең ірі тораптық әрі түйіспелі станция саналады. Қазіргі күні аталмыш станциядағы техникалық үдерістерге тың жаңашылдықтар енгізілуде. Оның ішінде станция басындағы автоматтандырылған сұрыптау дөңесінің жұмысы бірінші кезекте назарға алынып, жүйелендіріліп жатыр. Қазіргі уақытта станциядағы дөңес басында қызу еңбек қарқын алуда. Жыл басындағы көрсеткіш жоғары. Атап айтсақ, осыған дейін бір ғана сұрыптау мезетінде жеті вагон өңделген болса, дәл бүгінгі күні, жаңа техникалық процестер нәтижесінде оның көлемі 800 тонна болатын 20 вагонға дейін арттыруға мүмкіндігіне қол жеткізіліпті. -Өңделетін вагондар санының бұлайша күрт артуына өткен жылдың күз айында станция басындағы өндіріске енгізілген жаңа техникалық процестің оң нәтижесі ықпал етіп отыр, - дейді станция бастығы Ғабит Есқожанов. Яғни, байырғы тех. үдеріс ауыстырылысымен дөңестегі жұмыс та ширап сала берген. Ал тиімділігі сол, осы жаңашылдықтың есебінен, бүгінгі таңда тәулігіне 1 мың 789 вагон өңделеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылдың есепті мерзімінде 1 479 вагон ғана сұрыпталатын еді. Яғни, бүгінде жетістік көлемі еселеп, 300 вагонға дейін артып отыр. Өндіріске енгізілген жаңашылдықтар нәтижесінде сұрыптау дөңесіндегі жұмыс барысы әлдеқайда ширатылды. Мәселен, қазір небары 15 минуттың ішінде 57 вагонды әзірлеуге болады. Бұл дегеніміз қас-қағым  сәтте бір жылжымалы құрам жасақталады деген сөз. Ал жалпылама айтатын болсақ, қазіргі уақытта тәулігіне 15 пойызды жасақтап, сапарға аттандыруға толық мүмкіндік бар. Рас, әлі де тыңғылықты жұмыс жүргізіп, тиімділікті еселеу қажеттілігі байқалады. Мысалы айтсақ, алдағы уақыттарда сұрыптау ісін бір ғана маневрлік жұмыспен жүргізу ісі көзделуде. Өйткені, қазіргі таңда вагондар салмағы 2,500 тоннадан асса қос маневрлік айналым жасалады. Яғни, локомотив өнімділігін арттыру керек. Ал осы тарапта алдағы уақытта дөңесті қайта жаңғыртудан өткізу ісі жоспарда тұр. Дегенмен, бұл жайт тағы да қаражат мәселесіне келіп тіреледі екен. Бүгінде үдеріске жаңадан енгізілген техникалық процес талабы бойынша сұрыптау дөңесі ай сайын арнайы комиссияның қарауынан өтіп, №561 бұйрық негізінде тексеріледі. Бұл орайда айта кетерлігі, дөңес басында жұмыс істейтін теміржолшылар біліктілігін арттырудың маңыздылығы зор. -Қазіргі күні Семей станциясы бойынша 31 пойыз құрастырушы өнімді еңбек етуде. Араларында еңбек өтілі көп, тәжірибелі мамандар болғанымен жастардың үлесі мол. Сол себепті, кәсіби тұрғыдан шыңдалуға, біліктілікке баса мән беріледі, - дейді Семей станциясының бастығы Ғабит Ғазизұлы. Бүгінгі күндері дөңес басында әзірше 6 локомотив жұмыс жасауда. Алайда, пойыз санының көбейіп, жүк тасымалының артуына байланысты өңделетін вагондар еселейтін болса, олардың қатарын ең кемі 8 локомотивке жеткізу көзделуде.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті