Жер мен көктің арасында...
Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Түркістан аудандық электр желісі 112 км диспетчерлік орталықтандырылған желі мен 100 км абонент желілеріне қызмет көрсетеді.
Мекемедегі 17 маман Түркістандағы барлық темір жол мекемесі мен жол жиегіндегі 400-ге жуық абонентті, телім бойындағы 9 станция мен сонда тұратын мыңға жуық тұрғынды тәулік бойы электр тоғымен қамтамасыз етеді. Оған бағдаршамға баратын белгі нүктелері мен ПОНАБ, орталықтандырылған электр қосындарын қосыңыз. Түркістаннан бастап, Шойтөбе, Күншағыр, Ақшоқат пен Отырабаттың ортасында Ұзынқұдық разъезі мен Темір, 37 разъезд, Қарақоңыр, Қостүйін бекеттері де кіреді. Ақдала мен Қостүйіннің ортасындағы Арыс өзенінің үстінен жүргізілген көпір мемлекеттік маңызы бар нысан саналатындықтан, түркістандықтар бақылайтын соңғы нүкте осы тұс. 7-8 электр механиктері мен монтерлері үнемі телім бойында жүреді. Негізгі ток беретін екі желінің бірінде жарық өшетін болса, қордағы тоқ екінші желіге 1,03 секундта қосылып, лезде бірінен-біріне өтуі керек. Сол кезде бағдаршам да, барлығы жұмыс атқара береді.
Халыққа жарық тарататын трансформаторлар үлкен станцияларда 3, шағын бекеттерде біреуден орналастырылған. Одан бөлек, әр бағдаршамның тұсындағы бағанада екеуден 130 кіші бір фазалық трансформатор қойылған. Бірі өшкенде, екіншісі іске қосылмақ. Егер, істен шықса бригада мүшелері реттеп тұрады. Телім бойынша бір «УАЗ» автокөлігі, Т-40 тракторы, АРВ-276 автомотодрезинасы бар. Сосын тәуліктің кез келген уақытында электр мамандары жұмысқа шыға береді.
Өткен жылы жер астындағы кабельдік желі шіріген соң, оны жаңалау үшін 200 метрдегі 4 бағанаға 3 сым тартылып, 800 метр жердегі әуе желілері жаңарған. Кейбір тұстарда кеңес кезіндегі прожекторлар әлі «қызмет етеді». Шағын станцияларда екі электр шамының сәулесімен жарық болса, үлкендерінде одан да көп. Себебі, вагонның алдыңғы дөңгелегін тексергенде жол бойы анық көріну керек
–Біздің жұмыста асығыстық пен шалалық деген мүлдем болмауы керек. Қауіпті электр қуатымен жалғанған желілер күтімін жасаған мамандарымыз жерде де, көкте де жұмыс жасайды. Сондықтан, екі шоқып, бір қарайтын сауысқанның сақтығы керек. Айына бір рет еңбек қорғау күніне ұжым мүшелері түгел қатысып, сабақпен қатар жазатайым оқиғалар талданып, жеделхаттар таныстырылып, жалпы біздің салаға қатысты жаңалықтар да осы күні кеңінен сөз болады. Одан соң, оқу- жаттығу полигонына барып, жаттығу жасаймыз,- дейді телім бастығы Самат Нұрғалиұлы.
Станциялардағы халыққа электр энергиясын тарататын 100 км желінің ағаш бағаналары 1964 жылғы салынған. Елу жылдан асса да ескіргендері жаңаланып, бірқатары әлі жарамды сапта. Диспетчерлік орталықтандырылған желідегі бетон бағаналардың негізі 1985 жылы қаланған. Күтімі жақсы болғандықтан сыр бере қоймаған. Күншағыр – Отырабаттың ортасын көктемде су басып, күзге дейін жатады. Түркістан – Шәуілдір автожолын су басып қалады. Бірақ рельс биікте орналасқандықтан, су теміржолдың екі жағасын алып тұрады. Мұндағы қауіп – судың кабельдерге кетіп қалуы. Электр мамандары «үйрек ұшып, қаз қонып» жатқан шағын көлшікте қайықпен жүріп, әр бағананы тексереді. Ал олардың түбіне судың қаншалықты кеткенін анықтау да оңай емес.
Түркістанда ғана емес, жалпы аймақта техникалардың дені ескірген. Сондықтан кейде бардан жоқ жасап, ескіні жамап-жасқап іске асырып отырған электр мамандары «кәрілік жетіп, қуаты кеткен» техникалар сыр бермесе, таңның атысы мен күннің батысы жер мен көктің арасында жүріп қауіпсіздікке сын келтірмейтіндеріне кепілдік береді.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті