Абырой – адал еңбекте

Жаңалықтар
31.05.2016, 17:24
Жуырда ұзақ жылдар бойғы еселі еңбегін Семей станциясының дамуына сарп еткен  үш бірдей аға буын теміржолшыны әріптестері айрықша қошеметпен зейнеткерлікке шығарып салды. Айрықша қошеметпен дегенді жай айтып отырған жоқпыз.  Зейнеткерлікке «ұзатылып» жатқан аға буын өкілдері еңбек демалысына абыроймен аттанып отыр. Семей станциясының басшысы Ғабит Есқожанов оны өз сөзіне арқау етті. –Өздеріңіздің ақ-адал еңбектеріңізбен сіздер жастарға жол көрсетіп, қызмет барысында бағыт-бағдар сілтеп, кейінгі буынның көпшілігі үшін ұстаз бола білдіңіздер. Жаңа буын сіздерге қарап бой түзеді. Ал қызметі қауырт станция жұмысының алға басуына қосқан үлестеріңіз өз алдына жеке құрметке ие. Сіздер қырық жылдан аса осынау салада табан аудармай еңбек етіпсіздер. Станция қызметінің небір күрделі кезеңдерінде де қайраткерлік танытып, ұжымды жетістіктерге жетеледіңіздер. Міне, осы үшін де сіздерге айтар алғысымыз зор. Әлі де ұжымнан қол үзбей мереке сайын жүздесе береміз деген үміттеміз, – деді өз лебізінде Ғабит Ғазизұлы. Айта кетсек, ұзақ жылдар бойы станцияның кадр бөлімінің меңгерушісі болған Сәуле Серғазина, жүк қабылдаушы Наталья Естомина, станция кезекшісі Татьяна Борисқызы бұл күні  әріптестерінің ыстық ілтипатына бөленді. Құшақтары алқызыл гүлге толған сала мамандары да кезегімен сөз алып, пікір білдіріп, алғыстарын жеткізді. Қырық жылдан аса қызмет еткен осынау жұмыс орындарын, бауыр басқан ұжым мүшелерін қимайтындықтарын жеткізіп, көздеріне жас та алды. Ал станцияның бас инженері Болатқан Тоғызбаев өткен күндерден естеліктер шертті. Әлбетте, мұндай кеш сыйлық-тартуларсыз болмайды. Станция теміржолшылары зейнеткерлікке аяқ басқан әріптестеріне ақшалай және заттай тарту-таралғылар жасады.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты