Рейстік модельдің тың тәсілі

Жаңалықтар
03.02.2017, 10:32
Оқуға 2 мин
Шартараптан ағылған жылжымалы құрамдар тоғысатын, шығыстағы ең ірі  тораптық әрі түйіспелі Семей станциясы жылды жаңашыл шаралармен бастады. Ол – рейстік модельдің «берік тармақ» түрі. Өткен жылдың соңғы тоқсанында нормативтік-техникалық құжаттамалар қайта реттеліп, өндіріс барысына тың талаптар енгізілген болатын. Осы өзгерістер нәтижесінде семейлік теміржолшылардың күнделікті қызмет барысында да елеулі жаңашылдықтар орын алуда. Семей станциясы бүгінде «үш топтық тәсіл» бойынша жұмыс жасауға көшкен. Яғни, келген пойыздардың өңделетін уақыты азайтылды. Мәселен, транзиттік пойыздар уақыты 10 минутқа үнемделсе, ал станцияның өз басындағы, яғни, жергілікті жылжымалы құрамдарды жасақтау 50 минутқа дейін азайтылды. Қозғалысшылар тілімен айтқанда станция бойынша рейстік модельдің «берік тармақ» түрі қалыптасуда. Бұған қоса, жүк пойыздары да бекітілген кесте бойынша, уақытқа сай қатынауға көшкен. Мұның барлығы қозғалыс барысын жоспарлауға, жұмысты жүйелеуге  мүмкіндік туғызады екен. Әсіресе, толаскез өткізу мен пойыздарды сұрыптауда мол тиімділік береді. Сондай-ақ, жылжымалы құрамдар жол айрықтарында бірін-бірі тосып, көп бөгеліп қалмайды. Жүкті сақтау қауіпсіздігі бойынша да берері мол. Қазіргі күні шамалы қиындықтар болғанымен станция қызметкерлері аталмыш тәсіл бойынша жұмыс жасауға төселіп қалыпты. –Бүгінгі уақытта станция бойынша вагон тапшылығы айқын сезілуде. Бұл жүк тиеу мәселесінде айтарлықтай нұқсан келтіреді. Алайда, бұл тек бізге ғана емес, күллі ұлттық компанияға тән жайт. Сол себепті де, вагон айналымын жылдамдатудың маңыздылығы күн талабынан түспей тұрған жайт. Өндіріс мәселесінде аталмыш тақырып біздің станциямыз бойынша да бірінші кезекте қозғалады, – дейді Семей станциясының бастығы Ғабит Есқожанов. Жалпы, бүгінгі таңда байтақ республикамыз бойынша орта есеппен алғанда 7 мыңдай вагон қажет көрінеді. Жаһандық дағдарыс салдарынан сауығып келе жатқан ел экономикасы үшін бұл маңызды мәселе саналады. Осы орайда аталмыш станция бойынша вагон айналымын жылдамдату бағытында қолға алынған шаралар көп. Межелі жоспарлар да жетерлік. Мәселен, вагондарды қос тараптан, анығырақ айтсақ, уақыт ұттырмау үшін алды-артынан тіркей беру ісі қарастырылуда. Бұл тың әдіс вагондарды қабылдау мен жинауда мол тиімділік береді екен. Қазіргі күні станция бойынша ең төменгі көрсеткіштің өзі 104 пайызға жеткен. Өткен жылдың үлесінде ақаулықтарға жол берілген жоқ. Өндірістегі жетістіктердің бұлайша еселенуіне жаңа техникалық үдерістерге көшу мүмкіндік беріпті. Оған сәйкесінше, жұмыс барысына қойылатын қызметтік талап пен қажеттіліктер саны да артқан. Атап айтсақ, станция басында қосымша жолдар салып, тұйық желілерді ұзарту қажеттілігі туындауда.  

Қуаныш Қожаев, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті