Шайза әженің әңгімесі 

Жаңалықтар
03.06.2016, 17:55
Тоқсаннан асқан Шайза әже саналы ғұмырын темір жолдың мектебінде ұстаздық етіп, теміржолшылар балаларына тәрбиелеуге арнапты. Отағасы әскерилендірілген темір жол күзетінде еңбек еткен. Барлық замандастары секілді балалық шағы ашаршылықпен тұспа-тұс келіпті. Атбасар маңындағы Вишневка елді мекенінде туып-өскен ол жастайынан колхоз жұмысына араласып, масағын теріп, бидайын буысады. Одан кейін буыны бекіп, белі қатпаған кезде сұрапыл соғыс басталады. Соғысқа кеткен ер-азаматтың орнын басып, тылда таңды таңға жалғап, еңбек етіп, беті мен қолы тілім-тілім болған жылдарды әңгімелейді Шайза әже. Соғыс бітіп, ел еңсесін көтерген соң, білімге құштар қыз мектепке қайта оралып, оныншы сыныпты  аяқтайды. Одан әрі оқуын жалғастырмақ болып жаяу жалпылап Ақмолаға келгенінің өзі бір әңгіме. Мұғалімдер даярлайтын арнайы курсқа барса,  қазақша мектеп бітірген түлектерді қабылдамайды екен. Мұны естіген қайсар қыз облыстық оқу бөліміне арыз жазып жүріп дегеніне жетіп, оқуға қабылданады. Келесі жылы педагогикалық училищеге түсіп, білімін одан әрі шыңдайды. Оқу орнын бітірген соң жолдамамен Ақмоланың Шалқар ауылына барып, сол жерде  жас маман өмірлік жарын жолықтырады. –Жұмыстан келіп, ертеңгі сабағыма дайындалып отырғанмын. Бір уақытта есікті қағып, бір сымбатты жігіт кіріп келді. Бір көргеннен оның менің адамым екенін, маңдайға жазған жарым екенін түсіндім, – дейді Шәйза әже өмірлік серігі болған Серікбай атамен алғаш кездескен күнін еске түсіріп. Осылайша екі жас 1952 жылдың жазында бас құрап, балалы-шағалы болады. Жұбайы Серікбай Сексембаев темір жолдың әскери күзет бөлімінің бастығы болып қызмет атқарса, Шайза әже теміржолшылар мектебінде қазақ тілінен сабақ береді. Жарасымды жұп елге қызмет етумен қатар, жанұяда да өз міндеттерін естен шығарған емес. Бақытты отбасында бес қыз дүние есігін ашты. Қуаныш пен шаттыққа толы өмір осылай жалғасып жатты... Отбасы бүгінде астана болған Ақмолаға қоныс аударып, қыздар оқып жетіледі. Жастайынан екі тілге де жетік Шайза әже  негізінен орыс мектептерінде қазақ тілінен дәріс береді. Ел егемендігін алған жылдары 40 жыл еңбек өтілімен зейнеткерлікке  шығады. Немерелерінің тәрбиесімен айналысуға кіріскен Шайза әжеге бірнеше өзі секілді зейнеттегі өнерлі замандастарымен бірге орыстанған ортаға қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүрімізді сіңіру мақсатында «Ақ әжелер» тобын құру идеясы туады. 1994 жылдан бастап ол топ тәуелсіз Қазақстанның түрлі мерекелерінде ұлттық нақышта өнер көрсетіп, ұрпақты тәрбиелеу жолында  аянбай еңбек етіп келеді. –Қазіргі ұрпақ бақытты ғой шіркін... Біз не көрмедік? Ашаршылықтан аман қалдық, сұрапыл соғыстың отына күйдік. Алланың қалауымен қазір қазақ халқы Тәуелсіздік туы астында өмір сүріп жатыр. Әр қазақ сол теңдессіз сыйдың бағасына жете білсе екен деймін, ең бастысы ел тыныш болсын! – деп жеткізді Еңбек ардагері Шайза Беркейқызы кейінгі ұрпаққа аманатын.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады