Мәселе – жауапкершілікті арттыруда

Жаңалықтар
14.02.2017, 12:05
Оқуға 3 мин
Қауіпсіздік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанымен,  темір жол бойындағы елдің жауапсыздығынан төрт түліктің жолға  шығып кетіп, өзін-өзі өлімге қиған жандардың суицидке баруы – қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуде. Мәселе экономикалық шығында емес, мәселе – жауапкершілікті арттыруда болып отыр. Осы мақсатта ЖТ Жамбыл бөлімшесінің өкілдері көліктік прокуратура, Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, Әскерилендірілген теміржол күзеті және өзге де жауапты мекеме қызметкерлерінің басын қосып, жоғарыдағы мәселені  шешу жолдарын қарастырды.  Ұзатылған жылы бекітілген жоспарға сәйкес Әскерилендірілген темір жол күзеті, Желілік ішкі істер бөлімі және жол бөлімшесі қызметкерлерімен барлығы 114 рейд жүргізіліп, болат жолдың бойында бекітілмеген жол өткелінен өтпекші болған 67 бөтен тұлға анықталыпты. Оларға 105 585 теңге көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, өткен жылы болат жолдың бойында адам және мал басудың  24 дерегі тіркелген. Мал басудан 16 оқиға, ал адам басудан 8 оқиға орын алған. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Ғалымбек Батырбеков әр сала мамандары өз ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын болса, қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатындығын алға тартты. «Егер талдайтын болсақ, аймақтағы Хантау, Бурылбайтал, Жуантөбе, Шығанақ, Ақшолақ, Жиделі, Бірлік-1, Бәйшешек, Аспара, Малдыбай, Мойынты, Шешенқара, Тәтті телімдерінде мал басы жолға жиі шығады. Жоғарыдағы мал басу оқиғалары да осы телімдерде орын алып отыр. Әрине, біздің тарапымыздан жергілікті әкімдік өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда, мал пойыздың астына түсіп өлгенде, иесін табу қиынның қиыны. Жауапкершіліктен бәрі жалтарады. Мұнда олар төлейтін айыппұлдан қашады. Егер қолданыстағы заңнамаларға жүгінетін болсақ күндізгі уақытта, яғни 08.00-21.00 аралығында төрт түлік темір жолдың бойына немесе станция басында ауа жайылып, қауіпсіздік туғызатын болса бақташы жауап береді, ал бұл уақыттан тыс аралықта мал иесі жауап беруі керек, сондықтан оларға қалай да айыппұл төлетудің жолын табу керек», деп санайды ол.  Мысалы, кеше ғана Сарышаған станциясында локомотив түйені басып кетіпті. Ал оның иесі әлі күнге табылмай отырғанға ұқсайды. Ал адам басу оқиғасы көбіне Жамбыл – Талас телімінде жиі орын алады екен. Мұнда екі бағытта жүретін пойыздардың қатынау жиілігі және пойыздарды сұрыптау жұмыстары ауқымды жүргізіледі. Талдау көрсеткендей, пойыздардың астына ішкілік ішкен немесе суицидке бой алдырған азаматтар түсіп жатады. Оның үстіне өткелдерден өткенде ұялы телефонмен сөйлесуге, құлаққап киуге тиым салынатынын  елеп-ескеріп жатқандары шамалы екен.  Жиында желілік ішкі істер бөлімінің өкілдері өткен жылы болат жолдың бойында 994 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын және телім бойында мал жайғаны үшін 32 тұлға да жауапкершілікке тартылғандығын жеткізді. Жиынды қорытындылаған бөлімшенің бас инженері Асылхан Тайлақбаев жекелеген қызмет өкілдеріне әлі де нақты сараптама жасауды тапсырды. 

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті