Тәжірибе алмасу дәрісі
Машинистер мен вагон қараушылар – темір жол көлігі саласында пойыздар қозғалысына ең жауапты мамандар болып саналады. Сондықтан оларға қойылатын талап та жоғары.
Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесінде локомотив пайдалану депосы мен вагон пайдалану депосы бірлесе әр аптаның екінші және үшінші күндері машинистер мен вагон қараушыларға техникалық сабақ жүргізуді жолға қойған. Жұмыс сапасын арттыру мақсатын көздейтін тәжірибе ауысу дәрісі сейсенбі күні локоматив депосында, сәрсенбіде вагон пайдалану депосында өтеді.
Машинистер мен вагон қараушылардың бұл жолғы басқосуына жүк вагондарының тіркегіші және оның қалай жұмыс жасауы мен ақаулықтары арқау болды. Онда жуырда Ақтау портында кездескен және бұдан бірнеше жыл бұрын Маңғыстау станциясынан Болашақ станциясына жол алған вагон тіркегішіне байланысты орын алған жайттар да сөз болды.
–Тепловоздың бірінші вагонмен дұрыс жалғануына машистер, ал өзге вагондар тіркегіштерінің ақаулығына вагон қараушылар жауап береді. Сондықтан тіркегіш мәселесінде олардың білуге тиісті тұстары өте көп,- деп техникалық оқуды бастаған Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Жұмабек Якупбаев сабақ барысында машинистерден түскен сұрақтарға жауап берді. Мысалы, машинист А.Сүйіновтің «бұрынғы және қазіргі техникалық үдеріс бойынша жолаушылар мен жүк пойыздары қанша минутта қозғалып кетуі керек, алдыңғы техүдеріске қарағанда қазіргісінде уақыты неге қысқа», деген сауалы бойынша уақыт ерекшеліктерінің себебін асықпай түсіндірді.
–Бұрын кейбір мәселелер туындай қалса машинистке техникалық ескертулер түсетін. Қазір өзіміз бетпе-бет сөйлесіп, ескерту неден болды, соның салдарын іздейміз. Жағдайдың орын алуына негіз болған себептерді талқылап, түсіндіреміз. Жұмыс өз жемісін беріп те жатыр. Сабақ алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес айына 3 рет вагон депосында, 3 рет локоматив депосында өтеді. Тек теориялық қана емес, практикалық түрінде де жүргіземіз. Тақырыпты ашуға өз білгендерімізден бөлек, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, сондай-ақ оқу залындағы көрнекіліктерді қолданамыз. Қалғанын ағыту тұйығынан көрсетеміз,- дейді дәрісті жүргізуші Жұмабек Якупбаев.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті