Пойыз жолаушысынан безгек шыққан жағдайдағы іс-әрекеттер пысықталды

Жаңалықтар
31.05.2022, 10:05
Оқуға 2 мин
Жанар Жусупова

Собственный корреспондент по Павлодарской области

Өткен аптада Преснегорьковская – Павлодар бағыты бойынша келе жатқан пойыздың жолаушысы белгісіз қызбаға күдікпен ауруханаға түсті. Қазір вагон карантиндік тұйықта тұр, тиісті қызметтер алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізді.

Осы сценарий бойынша теміржол вокзалында "этиологиясы белгісіз қызба"тақырыбында жаттығу өтті. Профилактикалық іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының медицина қызметкерлері, көліктегі СЭС, Ұлттық сараптама орталығы, Павлодар станциясындағы желілік полиция, ӘТЖК, Магистральдық желі мен Жүк тасымалы бөлімшелері және Павлодар станциясының қызметкерлері қатысты.

- Сценарийге сәйкес әйел Испаниядан келген, ол жолсерікке жоғары температура, бас ауруы, ентігу, бұлшықет ауруы туралы шағымданады. Ақпарат Павлодар станциясындағы кезекшіге беріледі. Келгеннен кейін вагон ағытылып, карантиндік тұйыққа жіберіледі. Науқас қаланың облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады, байланыста болғандар вагон-изоляторға ауыстырылады, ауру шыққан ошақта қорытынды дезинфекция жүргізіледі, – деді Павлодар бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Төлеген Аязбаев. - Осындай оқу-жаттығу барысында жауапты қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл алгоритмі пысықталуда. Негізгі міндет-инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін науқасты және онымен байланыста болғандарды  уақтылы анықтау және оқшаулау.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жиналыс өтті, оның барысында іс-шараға тартылған ведомстволардың жетістіктері мен қателіктері талқыланды.

- Карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында осындай іс-шаралар жүргізілуде. Теміржолшылар өз әрекеттерін пысықтайды, сонымен қатар  қателіктермен жұмыс жасайды. Біз вирустардың таралуына байланысты кез келген оқиғаның дамуына әрқашан дайын болуымыз керек, – деді "ҚТЖ "ҰК" АҚ – "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының бас инженері Қазбек Оспанов.

Іс-шараға 15 мекемеден 60-тан астам маман қатысты. Мұндай тактикалық оқу-жаттығулар теміржол вокзалында ғана емес, Павлодар әуежайында да өткізіледі.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды