Темір тұлпарды тізгіндегендер

Жаңалықтар
03.06.2016, 18:25
Қандыағаш локомотив пайдалану депосының ұжымы жақында машинистер Болат Шынықұлов пен Айдаржан Ахметовті зейнеткерлікке құрметпен шығарып салды. Ақтөбе өңірінің тумасы Болат  Мәкімұлы  темір жол көлігіндегі еңбек жолын Қандыағаш жол дистанциясында монтер болып бастапты. Кейін екі  жылға әскерге алынып, ел алдындағы борышын өтеп келген соң Қандыағаш локомотив депосына жұмысқа орналасады. Онда ол түрлі төменгі қызметтік сатылардан өтіп, 1984 жылы темір тұлпардың оң қанатына отырады. Тепловоз машинисінің қызметінде жүріп, ол білім-біліктілігін шыңдайды, 3-ші және 2-ші сынып дәрежесіне көтеріледі. Өндірістік тәжірибесін теориялық біліммен ұштастырып, Ақтөбе темір жол көлігі колледжін техник-механик біліктілігі бойынша бітіріп шығады.  Ал 2013 жылы отыз жылға жуық тәжірибесі бар білікті машинист оқыту курстарын сәтті аяқтап, 1 сынып дәрежесіндегі біліктілікке ие болады. Содан бері ол осы күнге дейін  «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызын жүргізіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін мінсіз сақтап келіпті. Оның көп жылғы еңбегі мен Қандыағаш локомотив пайдалану депосының өнімді өндірістік көрсеткіштеріне қосқан үлесі ескеріліп, ол 2012 жылы «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған екен. Үш бала тәрбиелеп өсірген Болат Мәкімұлы ендігін өмірін отбасына арнап, көп жылғы еңбегінің зейнетін көрмек. Ал зейнеткерлікке шыққан екінші кейіпкеріміз Айдаржан Ахметов та Ақтөбе облысында дүниеге келіпті. Техник-электромеханик мамандығы Ақтөбе темір жол көлігі техникумын бітірген ол еңбек жолын Қандыағаш локомотив депосында 1981 жылы, екінші разрядты тепловоз жөндеу слесарі болып бастаған екен. Бірақ сол жылы көп кешікпей тепловоз машинисінің көмекшісі болып ауысады. Осы қызметте екі-үш жыл көлемінде тәжірибе жинақтаған Айдаржан 1983 жылы өз алдына тепловоз жүргізу құқығына ие болады. Машинист қызметінде жүрген шағында ол біліктілікті арттыру курстарын сәтті тәмамдап, екінші сынып дәрежесіндегі машинист лауазымына көтеріледі. Кейінгі жылдары Қандыағаш станциясында маневр қозғалысында тепловоз машинисі қызметін атқарған ол «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісімен марапатталған. Ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Айдаржан үлгілі әке болумен қатар ұжымына сыйлы білікті маман, жастарға айтары бар тағылымы мол тәлімгер ұстаз деседі әріптес жора-жолдастары.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады