«Тұлпар-Тальго» орталығы пайдалануға берілуге дайын

Жаңалықтар
06.06.2016, 10:54
Алматыда «Тальго» жолаушылар пойызына техникалық қызмет көрсететін орталық құрылысы мәреге жақындады. Алматы-2 станциясы аумағында салынып жатқан нысанда жұмыс қызып, құрылысшылар тілімен айтқанда «соңғы штрихтар» жасалып жатыр, енді ше, ғимараттың пайдалануға берілуі жақындаған сайын уақыт күнмен емес, сағатпен өлшенуде... Сондықтан құрылыс алаңында жұмыс күндіз-түні 3-4 ауысымда жүріп жатыр. Алдағы екі аптада жұмыс толық аяқталып, республикада ең үлкен орталық пайдалануға берілмек. Алматы орталығында 10 құрамға техникалық қызмет көрсетіледі деп жоспарлануда. Барлығы 237 вагон, оның ішінде 156 вагон «турист», 18 «грант», 16 бизнес-вагон, 2 бірінші класты вагон және 10 мейрамхана, 20 техникалық және 5 конвертер вагоны осы орталықта сауықтырылмақ. – Жобасы 2014 жылы жасалған нысанды мердігер компания келісімге сәйкес ағымдағы жылдың 15 маусымында пайдалануға беруге дайындауда. Бүгінгі қарқынмен жұмыс істейтін болса, мерзімді күні толық бітетініне күмән жоқ, – дейді сеніммен «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жобалау және күрделі құрылыс»  филиалының бас инженері Әділхан Ордабаев. – Құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрал-жабдықтарды монтаждау аяқталуға жақын, содан кейінгі қалғаны аумақты абаттандыру. Осы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін бас мердігерге нысанның пайдалануға дайындығы туралы декларация беріледі. Бас инженердің айтуынша, Күрделі құрылыс дирекциясы өкілдері бас мердігер «Бек-жолы НС» ЖШС мен «Тұлпар-Тальго» зауыты өкілдерімен бірге апта сайын нысанды аралап көріп, құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстап отырған көрінеді. Зауыт конструкторлары мен инженерлері сонау жобалау жұмыстарынан бастап, әрбір детальды орналастыру, монтаждау  процесіне қатысып, қадағалап отырғанын айта кету керек. Қуаттылығы жағынан Алматы орталығы республика бойынша ең ірісі болады. Тек қана 2 құрам қатар сыятын Астана орталығымен салыстырғанда бұл жерде бір дегенде 4 құрам вагондарына қызмет көрсетіп, рейске дайындау мүмкіндігі бар. Тек осы орталықта ғана пайдаланудағы барлық «Тальго» вагондары үшін арнаулы шеберханалар  жасалып, онда арнайы  станоктар қойылған. Айта кету керек, бас мердігер «Бек-жолы НС» ЖШС бұдан бұрын Астана орталығын да салған тәжірибелі компания. Оңтүстік астанада орталықтың жолаушы құрамдары жасақталатын Алматы-2 станциясында орналасуы да дұрыс қабылданған шешім деуге болады. «Тальго» жолаушылар құрамына техникалық қызмет көрсету вагондарды ағытусыз жүргізілу көзделеді. Бір құрамға қызмет көрсету уақыты 7 сағатқа есептелуде. Алып ангарға бір мезгілде әрқайсысының ұзындығы 407 метрді құрап, тәулігіне 9 құрамға дейін техникалық қызмет көрсетілетін болады. Дайын құрамдар экипировка жолына қойылып, «Жолаушы тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы қызметкерлеріне тапсырылады. Алдын ала жасалған есептік жоспарға сәйкес, 2018 жылға қарай Қазақстан темір жолында «Тұлпар-Тальго» өндірісінен шыққан 1044 вагон жүйткитін болады. Демек, олардың бәрін күнделікті алыс сапарға дайындау қажет. Ал жаңа ғасыр вагондарына қызмет көрсету мен жөндеуден өткізу үшін  заманауи техникалық база қажеттігі талас тудырмайды.  Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тальго-орталықтарда вагондардың жүріс бөлігі, ішкі жабдықтарының түзіктігі түгел тексеріліп, кем-кетігі бүтінделеді. Сонымен қатар вагондарды экипировкалау жүргізіліп, сумен, төсек-орын жабдықтармен, мейрамханалар мен барлар азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, био-әжетханалар тазартылып, дайындалады. – Барлық құрылыс жұмыстары Talgo стандарттарына сәйкес жүргізілді, олардың барлық тілек-талаптары ескеріліп, орындалды. Жұмыс түгел аяқталды деуге де болады, қалғаны айналаны ретке келтіріп, электроэнергияны қосу, жақын күндері құрал-жабдықтарды сынақтан өткізу басталатын болады. Демек, енді санаулы күндерден кейін, белгіленген уақытта орталық толық қуатында жұмысқа кірісетін болады деп айтуға әбден болады, – деп сендірді  «Бек-жолы НС» ЖШС директоры Григорий Шаповалов.

Ирина БЕКТИЯРОВА

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады