Павлодарлық теміржолшы өртеніп жатқан көліктен адамдарды құтқарып қалды

Жаңалықтар
02.09.2022, 14:21
Оқуға 2 мин
Жанар Жусупова

Собственный корреспондент по Павлодарской области

Красноармейка станциясында темір жол монтёры болып жұмыс істейтін Еркебұлан Жүзбаев өз өмірін қатерге тіге отырып, өртеніп жатқан автокөліктен төрт адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Павлодар-Шарбақты автожолының Маралды станциясы маңында Audi 100 маркалы көлігі КамАЗдың тіркегішіне соғылып, кейіннен өртене бастаған.  

42 жастағы теміржолшы көп ойланбастан көліктің салонында ес-түзсіз жатқан адамдарды құтқаруға ұмтылған. Бұл кезде салонның ішін қою түтін басқан. Оқиғаның куәгерлері лаулаған отқа қарап тұрғанда Еркебұлан бірден жолаушыларды шетінен шығара бастады. Жиналған топтың ішінен тек бір адам ғана соңғы екі адамды шығаруға көмектескен. Олар зардап шеккен адамдарды қауіпсіз жерге шығарысымен, өртеніп жатқан көлік бұрқ етіп атылған.

– Мен ауысымнан шығып келе жатқам, өртеніп жатқан көлікті көргенде көмек берейін деп тоқтадым. Көлік әне-міне дегенше жарылатыны белгілі еді, бірақ жолаушылар көлік салонынан шығуға асықпады. Олардың ес-түзсіз күйде екенін немесе есігін аша алмай жатқанын бірден түсіндім, – деп еске алады Еркебұлан.  

Зардап шеккендерді жедел жәрдем алып кеткен соң, Еркебұлан Жүзбаев ол жерден кетіп қалған. Сол сәтте дереу үйге оралғысы келгенін айтады. Ол көлік апатынан зардап шеккендер тезірек сауығып кетсе деген ниетте.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері жолаушылардың өмірі үшін күресіп жатыр. Құтқарылғандардың бірі комада, қалғандары ауыр жағдайда. Олардың барлығы тойға баруға асыққан екен.

Қазір павлодарлықтар Еркебұлан Жүзбаевты марапатқа ұсынғалы отыр, алайда оның бірінші болып көмекке ұмтылғанын дәлелдеу үшін әлеуметтік желіде куәгерлерді іздестіріп жатыр. Зардап шеккендердің туыстары олармен байланысқа шығып үлгерген.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды