Әйел – ару, әйел – жар, әйел – ана...
Көңілге көктемнің шуағын сыйлап, жанды жадыратар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кешті «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының президенті Нұрдәулет Қилыбай бастаған азаматтар өз ұжымындағы қыз-келіншектерге арнап ұйымдастырды.
Теміржолшылардың әкімшілік ғимаратының мәжіліс залына кіреберісте нәзік жандыларды гүлмен қарсы алған ер азаматтар бұл күні жүздері бал-бұл жанып, сәніне сән қосып, ажарлана түскен аруларға бар ықылас-тілектерін жаудырауда. Бірінші болып сахна төріне көтерілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Эрик Имашев темір жол саласында 35 мыңнан астам әйел адам еңбек етіп жатса, соның басым бөлігі жолаушылар тасымалы шаруашылығында екенін атап өтті. Зал толы әйел қауымына ақжарма тілегін жеткізіп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тілеген Эрик Еркінұлы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың ізгі тілектерге толы Құттықтау хатын Нұрдәулет Игілікұлына табыстады. Бұдан кейін сөз кезегін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы алды.Ықылым заманнан аналарын ардақтаған, қарындасын құрметтеген, қыздарын қадірлеген халықтың ұлымыз. Біздің ұлттық намысымыз да қыз намысын қорғаудан басталады. Аналарымызға, аруларымызға арналған жыр, ән мен күй, дастан да көп. Өкінішке қарай, біз ер азаматтар бізбен иық тіресіп, тізе қосып жұмыс істеп жатқан жандар өз ісінің кәсіби шебері, мықты теміржолшы ғана емес, жаны нәзік, жүрегі жұмсақ ару, пейілі кең қамқор ана екенін көп жағдайда естен шығарып аламыз. Шын мәнінде, әйел адамға көп нәрсе керек емес, ілтипат, жан жадыратар жылы сөз және адалдық. Әйелдер ғана шынайы сүйе алады, шынайы күте алады, шынайы жылай да алады және шынайы бағалайды. Сіздер сол қасиеттеріңізбен мықтысыздар. Тарихтан білеміз, соғыс жылдарында әйелдер бейбіт майданда Жеңісті жақындатуға күресті, олардың қатарында паровоз машинисі де, жолшы, вагоншы, болды, қысқасы теміржолдағы барлық жұмысты әйелдер атқарды. Құдайға шүкір, қазір «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Теміржолшы әйелдердің де жұмысы жеңілдетілді. Соның өзінде сіздер біздің үйде де, түзде де тірегіміз болып қаласыздар. Сіздерге мың алғыс, мың тағзым. Бастарыңыз аман, дендерің сау, көңілдеріңіз көтеріңкі, өмірлеріңіз сәнді болсын! – деп жүрекжарды лебізін білдірді Нұрдәулет Игілікұлы.
Бұдан соң Қоғам басшысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның зейнеткерлеріне, еңбеккер әйелдеріне Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде орталық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев та сахна төріне көтеріліп, темір жолда тер төгіп жүрген әйел қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік кеш соңы теміржолшылардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті