Әкесінің ізімен...

Жаңалықтар
07.03.2017, 14:15
Оқуға 2 мин
Маңғыстау жол дистанциясы директорының орынбасары Бекберген Құрбановтың төрт қыз, бір ұлы бар. Отбасының үшінші қызы Сәулемай ғана медицина саласын таңдапты. Қалған апалы-сіңлілер Қалия, Әлия, Дәмежандар теміржол саласында. Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында тәлім алған қыздардың үлкені Қалия Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде диспетчер,  Әлия жол дистанциясында еңбекті ұйымдастыру және нормалау инженері болса, Дәмежан теміржолда кітапханашы, ал отбасының кішісі Бекзат жол жөндеуші. Жалпы, белгілі теміржолшы  Бекберген Жоламанұлын түбек халқы өте жақсы біледі. Еңбек жолын 1979 жылы Түркіменстанда, Мары жол дистанциясында жол монтері болып бастаған Бекберген Құрбанов 1986 жылы атамекенге қоныс аударған. Төрт қыздың ішінен Әлия әкесіне өте жақын, сондықтан да болар былайғы жұрт оны «әкесінің қызы» дейді. 2004-2007  жылдары КазАТК-да бухгалтерлік есеп және аудит мамандығында,  сосын  «Тасымалды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару» мамандығында сырттай оқу бөлімін бітіріп шыққан Әлия Құрбанова  бүгінде жол дистанциясында еңбекті ұйымдастыру және нормалау инженері болып еңбек етеді. – Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормалауға бекіту және осы нормаларды игеру, жұмыстарды жалпы салалық  деңгей бойынша еңбек шығындарының қол жеткізілген көлемін бағалау, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету, техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу сияқты көптеген міндеттерді шешеді. Жыл сайын қызметкерлер санының нормасын – ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін атқаратын және жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген санының есебін есептеп шығарамын.  Тағы бір  атқаратын қызметім – еңбек ақыны дұрыс ұйымдастыру. Бұл  өндірістік мәселелермен бірдей маңызды іс. Яғни, ай сайын жұмысшылардың еңбек ақысының дұрыс төленуін қадағалап, оның да есебін шығарамын.  Жалақыны ұйымдастырудың негізгі міндеті – еңбек ақыны әрбір жұмысшының еңбек үлесімен байланысты етіп, жұмысшының жұмысқа ынтасын арттыру болып табылады. Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының қызметкерлеріне тіс емдеуге, балалы болғанда, үйленгенде, балалары жазғы демалысқа барғанда, еңбек демалысы кезінде демалыс орындарына, т.т. әлеуметтік сипаттағы төлемдер төленіп отырылады, – дейді Әлия Құрбанова. Әлия тігіншілік, массаждық, бухгалтерлік, кондитерлік курстарға қатысқан.   Бос уақыттарында киім тігіп, той-томалақ, туған күн кештеріне  тәттілерді өз қолымен әзірлейді.  Сонымен қатар, көлік жүргізудің шебері. «Бұл өмірде бәрінің қажеті болады» дейді әкесінің қызы.  

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті