ІРО бойынша ақпарат берілді

Жаңалықтар
07.10.2022, 10:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Мәжіліс залында экономиканы мемлекет иелігінен алу бойынша Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында «ІРО туралы ақпараттық-түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және KASE, AIX сынды қор биржалары мен брокерлік-дилерлік ұйымдар өкілдері қатысып, ҚТЖ қызметкерлеріне «2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес қаржылық сауаттылық пен инвестициялық мәдениетті арттыру бағытында ақпараттар берді.  

– Бүкіл Қазақстанның өңірлерін қамтып, 7 қазанға дейін осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Бәріңізге сонау 1990 жылдардағы жекешелендіру бағдарламасы туралы мәлім. Ол кездегі жекешелендіру мақсаты – іс жүзінде жұмысын тоқтатқан көптеген кәсіпорындардың өндірісін қалпына келтіру болды. Қазіргі жекешелендіру барынша ашықтығы, айқындығымен және ел экономикасының нарыққа бейімделуімен ерекшеленеді. Жекешелендірудің бірнеше тәсілі бар, олар – ашық кезеңдік конкурс, аукциондық конкурс, электронды конкурс, тікелей атаулы сату және ІРО болып табылады, – деді «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Дамир Мамытов.  

Кездесуге қатысқан теміржол қызметкерлері жиыннан қазіргі уақытта мән-маңызы зор мәліметтер алғанын атап өтті.  

– Бүгін өте қызықты кездесу болды. «Самұрық-Қазына» өкілдері халыққа өте ұғынықты тілде ІРО туралы айтып берді. Осы бір жаңа қаржы құралы арқылы ақпарат бере отырып, теміржол саласы қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттырды. Жалпы ІРО – тұрақты даму деген мағынамен астарласып жатыр. Біздің компания да өзге ірі ұйымдар секілді осы даму жолына қадам басуда үлкен мақсаттарды көздейді. Бұған біз біртіндеп қадам басатын боламыз, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева.  

– Мұндай жиындар өте пайдалы деп санаймын. Жалпы бұқара халықтың қазба байлығымызды ортақ пайдалануына мүмкіндік береді. Әріптестерге көп рахмет, өте түсінікті тілде ІРО саласының қыр-сырын айтып берді, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпсалалы қызмет көрсету орталығының бас менеджері Жүніс Байтенов.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды