827 ауыр салмақты жүк пойызы жөнелтілген
Жаңалықтар
09.06.2016, 09:42
Жамбыл жол бөлімшесінде негізгі өндірістік көрсеткіш – жүк айналымы ағымдағы жылдың 4 айында 6508,4 миллион тонна/км құрап, жоспардан 6,5 пайызға немесе 395,4 миллион тонна км артты.
Жалпы жүк тиеу көлемінің 32,7 пайызын химиялық тыңайтқыштар, 18,7 пайызын цемент өнімдері құрап отырғанын атап өткен жөн. Былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда жоспар 30,8 пайызға асыра орындалды. Химия, цемент өнімдерімен қатар, мұнай, қара металл сынықтары, химикаттар, сода, астық және басқа да ерекше маңызға ие жүктерді тиеу көлемі артты. Вагонға статистикалық жүктеме жоспары 1,5 пайызға немесе 0,51 тонна/вагонға көбейді.
Жол бөлімшесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсаны ішінде 827 ауыр салмақты жүк пойызы жөнелтіліп, жоспардан тыс 405,563 мың тонна жүк тасымалдануына қол жеткізілді.
– Біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – жүрдек пойыздардың жылдамдығын көтеруге мүмкіндіктер жасау. Жоғары жылдамдықта қозғалыс қауіпсіздігін күшейту, апатқа жол бермеу мақсатында биылғы төрт ай ішінде «СМД-80» машинасын қолданумен жолдың 3,126 шақырымында күшейтілген-орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3891 темір-бетон, 1 және 2 типті 2410 ағаш шпал ауыстырылды. Жамбыл жол бөлімшесі 2015 жылы бюджетке 2464698 мың теңге, ал биылғы 4 айда 674 880 мың теңге салықтық аударым жасады. Бөлімшеге қарасты компания филиалдары мен еншілес мекемелерінде қызмет атқаратын 10 мыңнан астам теміржолшылардың қажырлы еңбектері осындай жетістіктерге қол жеткізуге, жұмыс сапасы мен қозғалыс қауіпсіздігінің артуына игі ықпалын тигізуде. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсетілген жаңа экономикалық саясат бойынша «Шу-Алматы» бағытындағы екінші жол салу жобасын «Теміржолжөндеу» және «Жолжөндеуші» компаниялары жүзеге асыруда. 2015 жылы 1 181 189 мың теңге, ал биылғы жылдың 4 айында 80 540,527 мың теңге игерілді, – дейді Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады