Қазақстан мен Өзбекстан темір жол желісін дамыта түспек

Жаңалықтар
27.12.2022, 09:10
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға екі күндік мемлекеттік сапары барысында бауырлас екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетін бірқатар келіссөздер жасалды. Сапар аясында екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін 17 құжатқа қол қойылды.  

Президенттер саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге көңіл бөліп, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқыға салды. Сонымен қатар Дарбаза – Мақтаарал темір жол құрылысын тезірек аяқтау үшін күш салуға уағдаласты. Аталған бағыт «Сарыағаш» өткізу пунктінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Сырдария станциясына шығуға мүмкіндік беріп, Сарыағаш, Жетісай, Жылға сынды теміржол бекеттерін дамытады.  Тараптар аймақтағы сауда-көлік дәліздерін дамыту мәселесін де талқылай отыра бұл бағытта Қазақстан мен Өзбекстан маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Қасым- Жомарт Тоқаев Дарбаза – Мақтаарал темір жолының артықшылықтары мен экономикалық тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар халықаралық көлік бағдарларын дамыту жайын сөз етті.  

– Қазақстан компаниялары түрлі көлік қатынастары құрылысына белсенді атсалысуға және қажетті материалдарды жеткізуге дайын. Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесе дамытуға уағдаластық. Біз тату көршілікке және сенімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық неғұрлым тығыз және табысты болса, Орталық Азиядағы ахуал соғұрлым тұрақты болады, – деді Қазақстан Президенті.  

Екі елдің тауар айналымының артуына мүмкіндік беретін «Дарбаза-Мақтаарал» темір жолы жобасын іске асыру бірінші кезекте транзиттік әлеуетті 5 есеге арттыруға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы шикізат өнімдерін көп өндіретін Мақтаарал ауданын негізгі магистральдық теміржол желісімен қосуға мүмкіндік береді, тиісінше, өңірдің дамуына оң әсер етеді.  

Қазақстан теміржолында Өзбекстанға бағыт алатын негізгі жүк ағыны халықаралық Сарыағаш түйіспе станциясы арқылы өтеді. Алайда бұл станцияның өткізу қабілеті бүгінде шарықтау шегіне жеткен. Сондықтан қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасында өткізу қабілетін арттыру үшін «Дарбаза-Мақтаарал» жобасын жүзеге асыру Сарыағаш-Ташкент теліміндегі жүк ағынын жеңілдетіп, жаңа тармаққа қайта бөлуге септік етеді. Сондай-ақ Түркістан облысының шекаралық аймағының дамуына серпін береді. Бұл жоба қолданыстағы Сарыағаш-Келес шекара өткеліне түсетін жүктемені де азайтады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды