Сұраныста – Астана-Жүк станциясы
Елімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына теміржолшылар қызу дайындық үстінде. Үстіміздегі жылдың 1 маусымында Астана жаңа вокзалы кешені ашылып, көрменің өтуіне байланысты қосымша жолаушылар пойызы жіберіледі деп күтілуде. Және де бүкіл жолаушылар пойызы Астана арқылы өтіп, жаңа вокзал кешеніне тоқтайтын болады.
–Жаңа вокзал кешені Астана мен Қырқыншы станцияларының ортасында орналасқан. Жаңа вокзал кешенінің ашылуымен жұмыс көлемі ұлғаяды. Жолаушылар ағыны көбейетіндіктен, осы екі станцияның өткізу қабілеті күрделене түсері анық. Сол себептен біз бүкіл жолаушылар пойызын күндіз, ал жүк пойыздарын түнгі мезгілде өткізуді жоспарлап отырмыз. Десек те, жүк пойыздарының кідірісінен қашып құтыла алмаймыз. Вагондардың тұрып қалуы, айналымның бәсеңсуі дегендей. Біз мейлінше пойыздар кідірісін, вагондардың тұрып қалмауын болдырмауға күш салып, кірме жолдарға құрамдардың кіріп шығуына бар жағдайды жасауға тырысамыз, – деген Астана станциясының директоры Әділет Айтбек бұл күрделі мәселенің бір ғана шешімі бар екенін жеткізді.
Ол Астана станциясы торабын дамыту. Яғни, жүк нөпірі көп келетін және тиелетін индустриалдық парк 2, ЖТХ аумақтарында жаңа Астана-Жүк станциясын салу. Бұл станция сол аудандағы жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың қажеттілігін өтеу үшін салынбақ.
Астана станциясы басшының айтуынша, бұл станцияның қажеттілігі бар ма, ол қаншалықты тиімді деген сұрақтар бойынша талдау жасалған екен. Талдау нәтижесі, жүк тиеп жөнелтушілер мен қабылдаушылардың 80 пайызы қаланың сол бөлігінде, яғни, индустриалдық парк 1, 2, солтүстік, таяу және шалғай солтүстік деп аталатын аудандарда екенін айқындап беріпті. Ал Астана-Жүк станциясы қаланың аталған бөлігіндегі жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, бір мезетте ТЭЦ пен сол ауданда орналасқан барлық кірме жолдарға қызмет көрсететін болады.
–Жүктің басым бөлігі Қырқыншы станциясы жағынан келеді. Сол себепті кірме жол қожайындарына осы станциядан келген жүкті әрмен қарай Астана-Жүк станциясына бағыттауды ұсынып отырмыз. Неліктен дейсіз ғой... бұл жүк тасымалын ұйымдастырушылар үшін де, жеке меншік иелері үшін де тиімді. Біріншіден, станциялық жолдарда құрамдардың тұрып қалу уақыты азаяды. Екіншіден, жүкті жеткізу мерзімі үшін қолайлы. Үшіншіден, вагондарды беру, жинау операцияларын күтіп тұрмайды. Барлық шаруа қаланың сол бөлігінде, Астана-Жүк станциясында Астана темір жол шаруашылығы мен біздің бірлесе жұмыс істеуіміздің арқасында жүзеге асырылып, вагондардың тұру уақытын қысқартады. Мыслы, Қарағанды немесе Павлодардан келе жатқан жүктің басым бөлігі шалғайдағы солтүстік жағына кететін болса, Астана-Жүк станциясына кіріп, сонда таратылады да, сосын барлық вагон ағыны Астанаға келіп, одан әрмен қарай біз оларды нұсқамаға сәйкес межелі жерлеріне жөнелтеміз. Осы тәсілмен тәжірибе жұмыстарын жүргізіп көрдік. Ұтымды екенін анықталды. Қызығушылық танытқан клиеттеріміз де бар, – деп сөзін түйіндеген станция директоры кірме жолдар иелерімен осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті