Әлеуметтік көмірге бақылау күшейеді

Жаңалықтар
14.04.2023, 11:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Коммуналдық-тұрмыстық қатты отынның жетіспеушілігін болдырмау мақсатында әлеуметтік көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуге шектеу енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Себебі әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері анықталған.  

– Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шақта әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен тыс шығарылу фактілері орын алған. Мәселен, еліміздің 5 өңірінде 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кеткен. Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастаған, – деді Индустрия министрі.  

Министр алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шаралары қабылданып жатқанын жеткізді. 2022-2023 жылыту маусымы аяқталуға жақын. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 113,9 млн тонна көмір өндірілген. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 2 пайызға көп. Биылғы жылу маусымына халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жоспарлы қажеттілігі шамамен 9 млн тоннаны құрады. Өңірлерге қатты отын толық көлемде жеткізілді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті