Теміржолшылар соғыс ардагеріне ескерткіш тақта орнатты

Жаңалықтар
09.05.2023, 16:27
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ардагерлерін әманда құрметке бөлеп назардан тыс қалдырмайтын сырбойылық теміржолшылар, бұл жолы ҰОС ардагері әрі теміржолшы болған Любовь Колесниктің қызы Татьяна Червоненконың өтінішіне қолдау білдірді.  

Қайырымдылық көмек ұйымдастырылып, марқұмның қабіріне ескерткіш белгі қойылғаннан кейін «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының маманы Асылбек Көпжасаров, Қызылорда жол дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева және ардагердің қызы Татьяна Червоненколар ардагердің қабірінің басына десте гүлін қойды.

Бұл жолғы қайырымдылық өткен жылдары өмірден өткен ардагер Любовь Колесниктің қабірінің басына ескерткіш белгі орнату мақсатында қолға алыныпты. Ардагердің соңында қалған қызы аймақ теміржолшыларына көмек беруін сұрап, өтініш білдірген екен.

– Анам өмірден өткеннен кейін оның басын қарайтып, ескерткіш орнату үшін жергілікті биліктен көмек сұрадым. Алайда олардан нәтижелі көмек берілмейтінін аңғарғаннан кейін анам жұмыс жасаған орын теміржолшыларға жүгінуге мәжбүр болдым. Өзім қазіргі таңда жалғыз басты болғандықтан осыдан басқа жасайтын шарам қалмады. Жергілікті теміржолшылар мен теміржолдың кәсіподақ ұйымдары жиылып менің өтінішімді жерде қалдырмай көмек берді. Олар бұған дейін де менің анамның хал-қадірін біліп жанынан табылатын. Теміржолшылар менің анамды өмірден өткенше ұмытпай құрмет жасады және қазір де көмек беріп өтінішімді орындауға атсалысты. Ешкімнің, ештеңенің ұмытылмайтынын теміржолшылар дәлелдеп, көзімді жеткізді. Мен теміржолшыларға ризалығымды білдіріп бас иемін, – дейді Татьяна Червоненко.

Марқұм Любовь Колесник 1925 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында әскери қызметкер отбасында дүниеге келіпті. 1941 жылы Қызылорда медициналық техникумына түскен Любов Колесник техникумды тәмамдап, Ұлы Отан соғысына аттанып Г. Жуков басқаратын І-Белорус майданында Отанын жаудан азат етуге қатысады. 1945 жылдың қыркүйегінде Қызылордаға жеңіспен оралған Любовь Сергейқызы Қызылорда паравоз депосының медпункітіне фельдшер болып орналасып зейнет жасына жеткенше жемісті жұмыс жасайды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті