Бизнесті трансформациялау: құрылымдық өзгерістер кезеңі

Жаңалықтар
09.06.2016, 17:58
Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнес трансформациялау» бағдарламасы аясында бизнесті реинжинирингтеу бойынша дайындық жұмыстарын аяқтап,  компания қызметіне нақты өзгерістер енгізуге кірісті. Бұл туралы қоғамның даму жөніндегі вице-президенті Еркін Жусанбаевтың төрағалымен ұйымдық құрылымдарды өзгерту және трансформация мәселелері жөнінде өткен ақпараттық сессияда айтылды.       Отырысқа «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ҚР ұлттық экономика министрлігі, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК, ҚР инвестиция және даму министрлігі және осы министрліктің көлік комитеті, ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Бас көлік прокуратурасының өкілдері қатысты. Екі жыл бұрын жасалған бағдарламаны жүзеге асыруды бірінші болып бастағандардың бірі Ұлттық компания екенін тілге тиек ете келе, вице-президент оның бүгінгі даму стратегиясын баяндады. Ұлттық компанияда бизнесті трансформациялаудағы шешуші бастама – үдерістерді интеграциялау және реинжиниринг, активтер портфелі мен басқару жүйесін қайта құрылымдау, жаңа ұйымдық құрылымды енгізу, тиімді технологиялық тұғырнама жасау, корпоратив мәдениетін өзгерту болып табылады. –«Қазақстан темір жолы» – бұл тиімділігі жоғары көліктік-логистикалық холдинг. Оның мақсатты бизнес моделі – бизнестің негізгі өсіміне сәйкес келетін транзитті дамытуға арналған біріктірілген көліктік-логистикалық компания. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасының көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша негізгі операторы болып саналады. Сондықтан оған Қазақстанды Орталық Азия аймағында ірі іскерлік және транзиттік хаб ретінде қалыптастыру және тарихи рөлін жандандыруда өршіл міндеттер жүктелген, –деді Е.Жусанбаев. Ал трансформация – бұл тиімділік, бәсекеге қабілеттілік және түсімділікті арттыруға бағытталған, тереңнен, жүйелі және дәйекті түрде өзгеру. Осы бойынша темір жол саласын қайта құру бірнеше заң негіздеріне сүйене отырып жүзеге асырылуда. Ол заңдар қатарында ҚР-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, ҚР «Теміржол көлігі туралы» заңы, ЕАЭО туралы келісімшарт және магистральдық темір жол желісін пайдалану ережелері бар. Елбасының тапсырмасына сәйкес Ұлттық компания базасында әлемдік деңгейдегі ұлттық көліктік-логистикалық оператор құрылды. Әуе, теміржол, су, автожол тасымалы және келісімшарттық логистиканы біріктіру арқылы нарықтың жаңа сегменттеріне шығу, жаңа компетенцияларды дамыту, мультимодальды көліктік инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту, көліктік-логистикалық орталықтың ішкі және сыртқы желілері мен сервистік пункттерді құру, көлік қызметін бірыңғай логистикалық сервиске біріктіруге қол жеткізілмек.  Мақсатты корпоративтік құрылым бойынша компанияның бүгінгі таңдағы құрылымы 97 компаниядан тұрса, қайта құру және жекешелендіруден кейін ол логистикалық автивтер желісін дамыту есебімен 35 компаниядан құралатын болады. Осылайша 2017 жылдың аяғына дейін ұлттық акционерлік қоғам үш кезең бойынша толығымен қайта құрылып болмақ. Бірінші кезең осы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралық, екіншісі осы жылдың аяғына дейінгі уақыт және соңғысы келер жылдың соңына дейінгі кезең. Осының бірінші кезеңінде «Локомотив» АҚ базасында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ құрылмақ. Екінші кезеңде мультимодальды жүк тасымалдаушы құрылып, «KTZ Express» АҚ «Жүк тасымалы» АҚ-на біріктіріледі. Соңғы кезеңінде толыққанды магистральдық желілер операторы құрылып, ЦЖС базасында «ҚТЖ -Инфрақұрылым» АҚ пайда болады. Және «Жүк тасымалы» АҚ-ның пойыздық диспетчерлік қамту функциясы Магистральдық желі дирекциясы – ЦЖС-ке өтеді деп жоспарланған. Акционерлік қоғам өкілі осы қыруар өзгерістерді жүзеге асыруда еліміздің мемлекеттік органдары тарапынан қолдау қажет болатынын түсіндірді. Арнайы слайд баяндамада ҚР инвестиция және даму жөніндегі министрлігі, ҚР ұлттық экономика министрлігі және ҚР қаржы министрлігі тарапынан қандай жұмыстар бойынша қолдаудың  керек болатындығы атап көрсетілген.

Райхан Рахметова

Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты