Балалар күніне орай «ӘТЖК»АҚ Шымкент филиалының ұжымы қаладағы №3 балалар үйіне барып, балғындарға жаздық киім, түрлі ойыншықтар және тәтті тоқаштар алып барып, қуантып қайтты. Әскери күзет сарбаздары  4 жылдан бері Төле би ауданындағы 400-ге жуық тірек-қимыл мүшесі зақымданған балалар тәрбиеленетін «Көксәйек» балалар үйі мен осы №3 Балалар үйіне демеушілік жасап келеді. Мұнда ұжым қамқорлығына алған  Дастан есімді 10 жасар бала да бар. – Өткен жылдың 1 маусымында «Көксәйектегі» 150 баланы құттықтап барып, киіндірген едік. Бұл жолы осындағы 55 балаға бастан-аяқ жаздық киім алдық. Өткен жылы оларға 48 киім кептіретін зат алып бердік. Жылда наурызда 1785 маман  500 теңгеден қамқорлығымыздағы Дастанның есепшотына ақша аударамыз.  Қызылордалық әріптестер Әйгерім атты қыздарына осылай көмек береді. Былтыр Дастан мен қасындағы балақайларға велосипед,  10-15 бала шомылатын бассейн тарту еттік. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың  мұндай күні назарсыз қалмауын ұжым басшысы Бекболат Түзелбаевтың өзі қадағалап отырады,– дейді кадр бөлімнің бастығы Гүлмира Жұмабекқызы.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент