Құрық порты арқылы шамамен 1,5 млн тонна жүк ауыстырып тиелді

Фото: Александр Жабчука

2023 жылдың 8 айында Құрық теңіз порты арқылы шамамен 1,5 млн тонна жүк ауыстырып тиелсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15% жоғары.

Оның ішінде 1 млн тоннадан астамы темір жол көлігімен, 430 мыңнан астамы автокөлікпен жеткізілді. Порт 480 паромды, 13,8 мыңнан астам вагонды, 18 мыңнан астам жүк автокөлігін өңдеді. 

Порт арқылы қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін, металдарды, тыңайтқыштарды, химиялық өнімдерді ауыстырып тиеу жүргізілуде. Қытайдан, Орталық Азия республикаларынан Әзірбайжан, Грузия, Түркия порттарына және одан әрі Шығыс Еуропа елдеріне және кері қарай келетін жүктердің транзиті өсуде. Қазіргі уақытта портта астық терминалының құрылысы жүргізілуде, ол арқылы жылына миллион тоннаға дейін астық ауыстырып тиелетін болады. 

"Құрық порты" ЖШС жыл бойы автомобиль және теміржол паромдарын қабылдауға қабілетті паром кешені. Қазіргі уақытта оның жобалық қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайды. 

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Порт алдында Құрықтың тиімді жұмысын жалғастыру үшін порт акваториясының түбін тереңдету міндеті тұр, бұл жүктерді ауыстырып тиеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобалық мүмкіндікке сәйкес акваторияның түбін Балтық белгісінен -36,5 деңгейіне дейін тереңдету жоспарлануда. Сондай-ақ, порттың жоспарында жаңа маршруттар ашу, экспорттық әлеуетті арттыру және республиканың көлік қауіпсіздігін арттыру үшін қазақстандық паромдар салу және сатып алу да бар.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады