«Болашақ» арқылы астық тасымалы артты
Халықаралық жүк тасымалында әлеуеті жоғары болатынына сенім артқан «Болашақ» шекаралық станциясы үмітті ақтады. Оған станция арқылы экспортталатын астық тасымалы көлемінің артуы толық дәлел. Маңғыстаулық теміржолшылар сәйкесінше, Иран мен Ауғанстан бағытына астық тасымалдайтын пойыздар санының биыл, өткен жылға қарағанда көбейгенін қуана жеткізуде.
Болашақ станциясының жас болса да, бас болып, білімін біліктілігімен ұштастырған бастығы Жарас Жолаевтың айтуынша, осы мемлекетаралық түйісу нүктесі арқылы биыл жыл басынан бергі астықтың пойызбен экспортталуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артыпты.
–Өткен жылдың алғашқы бес айында Болашақ арқылы 1011 вагон, яғни, 64 624 тонна астық жөнелтілсе, биыл осы аралықта 1157 вагон, яғни, 73 905 тонна астық жіберілген. Сонымен дәл қазіргі күнге вагондар санымен есептегенде, біздің мемлекетаралық түйісу нүктесі бойынша астықтың экспорттық тасымалы 146 вагонға немесе 14 пайызға артып отыр, – дейді станция бастығы.
Нақтырақ айтсақ, биыл жыл басынан маусым айына дейін Иранға 1046 вагонмен 66 367 тонна астық жөнелтіліпті. Соның ішінде 621 вагон, яғни 38 533 тонна арпа, 424 вагон, яғни, 27 766 тонна бидай және 1 вагон, яғни 68 тонна зығыр дәні жіберілген. Ал Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 111 вагонды немесе 7538 тоннаны құраған, соның 7 вагоны, яки 471 тоннасы арпа, 104 вагон немесе 7067 тоннасы бидай екен. Өткен жылдың 12 айында осы бағыттарда Болашақ станциясы арқылы жөнелтілген астық тасымалы небары 1452 вагонды құраған болатын. Олардың салмағы 157 674 тонна болды.
Осы орайда Иран елі де 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын екендігін жеткізді. Бұл дегеніміз, аталған мемлекеттің бидайдан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын деңгейге жетіп келе жатқанын байқатса керек. Ресми болжамдар бойынша, ағымдағы жылы бұл елде жауын-шашынның жеткіліксіздігіне қарамай, бидай өндірісін қолдау шаралары арқасында егін көлемі өткен жылғы көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін. Иранда 2016-2017 жылғы маусымда, яғни ағымдағы маусымда, жиналатын барлық бидай көлемі 15,5 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Ал ішкі тұтыну көлемі 18,5 млн тонна ғана.
«Казах-Зерно» ақпарат агенттігі бұған дейін өткен жылы Иран 29 елден 885,9 млн АҚШ долларына 3,31 млн тонна бидай импорттағанын хабарлаған. Қазақстан бидайының ірі импортері болып табылатын Иран мемлекеті Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сату нарығының құрылымында барлық экспорттық жөнелтілімнің 60%-дан астамын құрайды. Соңғы жылдары корпорация ирандық серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнатты. Соның арқасында осы бағыттағы астық экспортының жоғары деңгейдегі тұрақтылығы басқа елдерге қарағанда сақталып отыр. Көбіне бұған Каспий теңізінде екі елдің де жеке астық терминалдарының, атап айтқанда, Ақтау порты мен Амирабад порттарының болуы оң әсерін тигізуде. Бұған қоса Иранға экспорттау кезінде корпорация теңіз бағдарына балама бағыт – Түркіменстан арқылы транзиттік темір жол тармағын пайдаланып отыр.
Болашақ станциясы – еліміздің оңтүстік батысындағы Түркіменстан елімен, сол елдің Серхетяка станциясымен шекаралас жатқан мемлекетаралық түйісу нүктесі болып табылады. Осы жылы 11 мамырда Қазақстан және Түркіменстан елінің мемлекет басшылары екі ел арасындағы темір жолды ресми түрде ашып, сол арқылы Иранға тікелей бағыт алған болат жолды іске қосқандарына үш жыл толды. Бұл жоба аясында Қазақстан аумағында 146 жаңа жол, 7 жаңа станция, бекет, 68 жасанды имарат пен 4 көпір салынған болатын.
Ирина Бектиярова,
Райхан Рахметова
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?