«Жолаушылар тасымалы» АҚ да жаңа ұжымдық шартқа қол қойды

Жаңалықтар
29.12.2023, 12:28
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Жаңа жыл алдында «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазкәсіпкөлік» ҚБ арасында 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Салалық келісімге қол қойылды.  

Маңызды құжатқа қол қою рәсіміне «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов пен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысты.

Көлік кәсіпорындары жұмысын жетілдіріп, теміржол көлігі саласындағы жұмысшы-қызметкерлердің  әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды күшейтуді қамтамасыз ететін негізгі құжат алдағы үш жылға арналған.    

Жиын барысында «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев ҚТЖ құрамындағы ең ірі компания «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бұған дейінгі келісімшарт бойынша барлық мінтеттемелер орындалғанын жеткізді.

«Бұл ұжымдық шартқа бірқатар жаңа пункттер енгізіліп отыр. Олардың бәрі теміржолшылардың әлеуметтік-еңбек мәселесін қорғауға бағытталған, сала қызметкрелерінің игілігі үшін  жұмыс істейтін болады. Оны әзірлеуге  «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қызметкерлері де үлес қосты», - деген  О.Ахметбаев компания ұжымына алғысын жеткізді.

Өз кезегінде ЖТ басшысы Жәнібек Тайжанов «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұжымын келе жатқан жаңа жыл мейрамымен құттықтап, қоғамдық  ұйымның көлік саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғауда  үлкен тірек болып отырғанын айтты.  

«Жаңа ұжымдық келісім-шартты әзірлеу  барысында қаншама пікірталастар болды, қанша қолдан өтті және оны  жетілдіре түсу үшін  қанша ұсыныс айтылып, көп күш жұмсады. Ұжымдық шарт уақыт өткен сайын жетілдіріліп, жаңа тараулармен толығып келеді, бастысы ол теміржолшыларымыздың  игілігі жолында жұмыс істеуі керек», - деді Ж.Тайжанов.  

Жәнібек Тайжанов осындай келелі істі атқарып шыққаны үшін «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев пен «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеевке алғыс хат табыстады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады