ҚТЖ жылжымалы құрамды жаңарту жұмысын кезең-кезеңімен жүргізуде

Жаңалықтар
07.02.2024, 14:43
Оқуға 2 мин

ҚТЖ қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі – жолаушылар, жүк вагондары мен локомотивтер паркін жаңарту.

Жолаушылар вагондары

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркінде 2100 астам вагон бар. Соңғы 10 жылда вагон паркі қауіпсіздік, жайлылық және тұрақтылық бойынша заманауи талаптарға жауап беретін вагондармен 50% жаңартылды. 1326 жолаушылар вагоны, оның ішінде 2023 жылы 102 вагон сатып алынды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 62 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде. Вагондардың орташа жылы -17 жыл. 2030 жылға дейін парк Stadler шығарған 537 жаңа буын жолаушылар вагонымен толықтырылады.

Жаңа вагондар ауа баптау, бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған. Әр купеде 220 вольтты электр розеткалары және ұялы телефондарды зарядтауға арналған USB порттары бар.

Жүк вагондары

«Қазтеміртранс» АҚ жүк вагондарының паркін жоспарлы түрде жаңартып отырады. 2023 жылы 242 жартылай вагон сатып алынды. 2021 жылы - 1000 вагон. Осы жылдың қаңтарында парк тағы 33 жаңа жартылай вагонмен толықтырылды. Соңғы онжылдықта барлығы 25 мыңнан астам вагон сатып алынды.

Вагондар барлық заманауи талаптарға жауап береді және қажетті техникалық сипаттамаларға ие. Жүк көтергіштігі 70 тоннаны құрайды.

2025 жылға дейін 3 мыңға жуық жүк вагоны сатып алынады, олар әлеуметтік маңызы бар жүктерді (астық, көмір, құрылыс жүктері және т.б.) тасымалдау үшін пайдаланылатын болады.

 Локомотивтер

2023 жылы локомотивтердің ең ірі сатып алынуы болды – 112 бірлік, бұл локомотив паркінің тозуын 2020 жылғы 68%-тен 2023 жылы 52%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2029 жылға дейін 359 локомотив, оның ішінде 75 ТЭ33АС сериялы магистральдық тепловозы, 36 2ТЭ25КМ сериялы магистральдық тепловозы, 130 KZ8А сериялы электровозы, 18 ТЭМ11А сериялы маневрлік тепловозы, 37 ТЭП33А сериялы жолаушылар тепловозы, 63 KZ4АТ сериялы жолаушылар электровозы сатып алынады.

Заманауи локомотивтер Астана қаласындағы зауыттарда жиналады. Бұл ауыр жүк пойыздарымен жүк тасымалдауды жандандыруға қабілетті сенімді техника.

ҚТЖ-ның қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив сатып алынады.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды