Дуальды оқыту – кепілді жұмыс
Жаңалықтар
10.06.2016, 11:53
80 жылдық тарихында қырық мыңнан аса теміржолшы маманды даярлап шығарған №13 Тараз темір жол колледжінде бүгінгі уақыт талабымен үндескен «Дуальды оқыту – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған аймақтағы арнаулы орта оқу орындарының басшылары қатысты.
Шараның алдында 2016-2017 оқу жылында «Белгі беру, орталықтандыру, блоктау электромонтері» мамандығы бойынша колледжге дуальды оқыту жүйесін енгізу мақсатында Жамбыл сигнал беру және байланыс дистанциясының директоры Аман Улакулов пен №13 Тараз темір жол колледжінің директоры Нұржан Нұралиев меморандумға қол қойды. Ал Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы бастығының орынбасары Жамилә Бекбатырова өңір экономикасының дамуына бағытталған кәсіби мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін әлеуметтік серіктестік мақсатта жұмыс жүргізіп отырған өңірдегі теміржолшылар – Жамбыл жол бөлімшесі, Тараз локомотив жөндеу депосы, Жамбыл локомотив пайдалану депосына білім басқармасының алғыс хаттарын табыс етіп, жиынға жетекшілік етті.
–«Дуальды білім беру жүйесі жол картасын» жүзеге асыру мақсатында аймақтағы 48 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 27-не дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, соның аясында 26 мамандық бойынша 1951 студент білім алуда. Ал 2016-2017 оқу жылында дуальды оқыту жүйесімен қамтылған колледждер саны екіге артып отыр. Оның бірі – бүгінгі шара өтіп отырған №13 Тараз темір жол колледжі. Мұнда «Білім беру, орталықтандыру, блоктар электромонтері» мамандығы бойынша 25 студент қамтылатын болады, – деді Жәмилә Бекбатырова.
Бұдан кейін сөз алған колледж директоры Нұржан Нұралиев аталмыш арнаулы оқу орнында дуальдық жүйе бойынша атқарылып отырған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, колледж студенттерінің заманауи технологияларды меңгеруі үшін 2014 жылы 4 млн 200 мың теңге бөлініп, компьютер сыныбы, оқу кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталса, 2015 жылы 5 млн 400 мың теңгеге Белгі беру орталықтандыру кабинетіне тренажер, 20 млн теңгеге токарь станогы алынған. 2016 жылы 1 млн теңгеге әдістемелік кабинет, оқу кабинеттері интерактивті тақтамен жабдықталған.
–Кәсіби білікті мамандарды даярлау №13 Тараз темір жол колледжінің негізгі міндеті. Еліміздегі индустрияның дамуына байланысты жұмысшы мамандықтарға сұраныс артқан сайын, колледжіміз жаңа мамандықтармен толықтырылуда. Атап айтсақ, 2014 жылы токарь, ал 2015 жылы темір жол бригадирі , тепловоз жүргізушісінің көмекшісі мамандықтары ашылса, 2016-2017 оқу жылына осы мамандықтармен қатар «Жаңа ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану» мамандықтарын ашу жоспарлануда. Мамандықтарды жыл сайын кезегімен алмастырып отыру – жұмысқа орналасудағы жоғары көрсеткішке қол жеткізеді. Қазіргі таңда 8 мамандық бойынша 572 білімгер дәріс алуда. Биылғы бітіруші түлектердің саны 225. Дуалды оқыту жүйесі – заман талабы. Бүгінде отандық және шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай әлеуметтік әріптестік – еңбек нарығындағы үлкен факторға айналып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» деген болатын. 2013-2014 жылдары Астана қаласында теміржол мамандықтары бойынша соңғы үлгідегі теміржол техникалары мен тренажерлары орнатылған Оқу орталығында 30 студент теориялық білімін іс тәжірибемен ұштастырып, білімдерін арттырды. Осының нәтижесінде студенттер сертификат алып, теміржол мекемесіне жұмысқа орналасты. Бұл нәтижелер дуалды оқыту жүйесіндегі әлеуметтік серіктестіктердің ықпалы деп білемін. 2014 жылы №100 бұйрықпен Станция кезекшісі мамандығы бойынша, ал 2015 жылы №80 бұйрықпен Электровоз машинистінің көмекшісі мамандығы бойынша төрт жақты, яғни Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, Жамбыл жол бөлімшесі және №13 Тараз теміржол колледжімен дуалды оқыту жүйесі негізінде келісімшарт жасалынды. Оқу үрдісінде теориялық оқыту 40 пайызды көрсетсе, 60 пайызы өндірістік іс-тәжірибені құрайды. Арнайы пән оқытушылары теориялық сабақтарын колледж қабырғасында ғана емес, өндіріс мекемелерінде де өткізуде. Білім алып жатқан Станция кезекшісі мамандығы бойынша 30 студент 2015-2016 оқу жылының түлектері. Дуальды оқытуды жүзеге асыру мақсатында осы түлектердің 60 пайызы жұмыспен қамтамассыз етіледі деп жоспарлануда. Тағы бір атап өтерлігі, колледж әкімшілігі жетім және жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді. Ағымдағы оқу жылында 5 әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге әлеуметтік серіктестердің көмегімен танымал теміржолшы Байзақ Пірманов атындағы шәкіртақы белгіленді, – деді Нұржан Тоқбергенұлы.
Бұдан кейін әлеуметтік серіктестердің бірі – Жамбыл жол бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары Дархан Құндызбаев бүгінгі күні бөлімшеде студенттердің кедергісіз өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдай жасалғандығын алға тартты. Ал маман дайындауда өзіндік үрдісін қалыптастырған Жамбыл жол бөлімшесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Ү Халықаралық форумда «Әріптестер көшбасшысы – 2013» аталымының иегері атанған болатын.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады