Қиыршық тас тасымалы жандануда

Жаңалықтар
10.06.2016, 12:04
Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын қолданысқа берілген Хромтау – Алтынсарин темір жол тармағында бой көтерген Әйтеке станциясының жұмысы тарихы тереңде жатқан станциялардыкінен кем емес. Шағын станцияның күнделікті тыныс-тірлігі, жұмысы туралы станция бастығы Жандос Әбдіжалелов егжей-тегжейлі баяндап берді. –Ақтөбе облысы мен Астана уақытының арасындағы айырмашылық бір сағат. Соған қарамастан, елорданың уақыт есебіне ыңғайлануға тура келеді. Сөйтіп, таңғы сағат сегізге он бес минут қалғанда жұмыста боламыз. Түнгі ауысымның жұмысын шолып шыққан соң, түсірілген, тиелген вагон саны, жүк түрі мен көлемі туралы барлық мәліметтерді жинап, сараптап, бөлімшеге хабарлаймыз.  Санаулы сағаттан соң, орталық аппаратпен селекторлық байланысқа шығамыз, – дейді Жандос Әбдіжалелов. Станция бастығы тәуліктің алғашқы жартысында атқарылған жұмыстардан соң, түстен кейінгі іс-шараларды жоспарлап отырады. Астана қаласымен күннің екінші бөлігінде тағы байланысқа шығады екен. –Бүгінде біздің станция үстінен тәулігіне орташа алғанда он пойыз пойыз өтеді. Қазірге дейін алты пойыз қабылдадық, – дейді жұмыс барысын түсіндірген Жандос Тұңғатарұлы. Онфың айтуынша, мұнда күнара жүк тиеледі. Айына қырықтан астам вагон астық тиеледі. Әйтеке би ауданы Қостанай облысымен іргелес болғандықтан, астықты алқап саналады. Сонымен бірге, Ақтөбе облысында газбен толық қамтылмаған өңір осы Әйтеке би ауданы. Аудан орталығына көгілдір отын енді тартылып жатыр. Дегенмен, ауыл аймақтардағы әлеуметтік-әкімшілік мекемелерді жылыту үшін көмір пайдаланылуда. Шалғай ауылдарда газ жеткенше, көмір жағуға мәжбүр. Демек,  темір жол көлігімен тасымалданатын көмірге сұраныс бар. Соңғы айларда еліміздің батыс бөлігінде авто және темір жол құрылыстары қызу қолға алынған. Сондықтан, өңірде қиыршық тас тасымалы жанданып келеді. Ал оны тиеу үшін думкарларға сұраныс артқан. Бұл өз кезегінде Әйтеке би станциясының жұмысы үшін тиімді болып отыр. –Жалпы, жұмыс қарқыны бізде жаман емес. Менің қарамағымда отыз бес адам бар. Әр ауысымда шамамен бес-алты адам жұмыс істейді. Таяуда наурыз мейрамы қарсаңында барлығымыз бірлесіп, ас бердік. Аталарымзыдан бата алдық. Ал осы күндері Қостанайдан тал алдыртып, станция маңында егіп жатырмыз. «Бір жанұя – бір ағаш» деген ұранмен, шағын саябақ көтеріп жатырмыз, – дейді Жандос Әбдіжалелов. Ұжымда бес станция кезекшісі, осынша пойыз құрастырушы, бес оператор, екі сигнал беруші, екі тауар касса қызметкері, сонымен бірге жүк қабылдап алушы-тиеушілер бар. «Біздің станция Ақтөбе және Қостанай жол бөлімшелерінің шектесетін жерінде орналасқандықтан жұмыста жауапкершілік деңгейі жоғары» дейді станция қызметкерлері.

Асқар Ақтілеу, Әйтеке би

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады