Қос вагон қараушының қырағылығы
Жаңалықтар
10.06.2016, 12:11
Қазалы вагон пайдалану депосының қос вагон қараушысы Әбдіжәми Рахманов пен Нұрсұлтан Кәрімов жақында жолаушылар пойызын ақаудан болатын апаттан аман сақтап қалды. Алматыдан Маңғыстауға келе жатқан пойыздағы жолаушылардың өміріне төнген қауіпті қырағы теміржолшылар дер кезінде анықтап, өз кәсіптерінің бесаспап мамандары екенін дәлелдеді. Вагон қараушылардың ерлікке пара-пар еңбегі тек Сыр өңіріне ғана емес, жеделхатпен еліміздің өзге де аймақтарына кеңінен таралып кетті.
Оқиға мамыр айының соңында Төретам станциясында таңғы сағат 03:45 минутта болыпты. Станция мен бекеттерден пойыздардың кесте бойынша кідіріссіз және қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз етуге үлес қосып отырған Қазалы вагон пайдалану депосының аға вагон қараушысы Әбдіжәми Рахманов пен вагон қараушы Нұрсұлтан Каримов станцияның бірінші жолына келіп тоқтағалы жатқан №377 «Алматы – Маңғышлақ» жолаушылар пойызының бас жағынан санағанда жетінші, №16245 нөмірлі вагонының аккумуляторлар орналасқан жәшігінен будақтап түтін шығып келе жатқанын байқап қалып, дереу пойыздың электромеханигіне, жолсеріктерге және тиісті орындарға хабарлайды. Содан соң олар жалма-жан өрт сөндіргішті қолдану арқылы түтіндеген аккумулятор батареяларын сөндіруге кіріседі. Вагон қараушылардың шұғыл шешім қабылдап, шапшаң қимыл-әрекет етуінің арқасында түтіндеген батареялар сөндіріліп, тілсіз жауға дер кезінде тосқауыл қойылды.
–Түн жарымында станцияға кіріп келе жатқан құрамды екі жақтан бақылап тұрдық. Түннің қою қараңғылығына қарамастан, бас жақта келе жатқан вагондардың бірінен бір нәрсе «көлбеңдегендей» көрінді. Тепловоз түтіні деуге келмейді, бірақ, ағараңдаған түтін екені анық. Сөйтсек, құрамдағы жетінші вагон астынан түтін будақтап келеді екен. Жолсеріктер де, өзгелер де бұл жайдан хабарсыз. Пойыз тоқтар-тоқтамастан дереу өрт сөндіргішті қолға алып, іске кірістік, дабыл қақтық, қажетті шаралар қолдандық. Тексеру барысында 2 аккумулятор банкасынан басқасының балқып кеткені анықталды, – дейді темір жол саласында отыз жылдан аса уақыт жұмыс істеп жүрген қос вагон қараушы.
Вагон қараушылардың қою қараңғылықта жаңылыспай, жалтармай түтіні будақтап, жалынға оранғалы тұрған вагонды уақытылы құрамнан оқшаулауының арқасында жолаушылар бір қауіп-қатерден аман қалды. Шырт ұйқыда жатқан жолаушылар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Төретамдық қос вагон қараушының өз міндеттерін кәсіби тұрғыдан мінсіз атқарып, сауатты амал-әрекет жасағандары расында мақтауға лайықты, үлгі-өнеге боларлық іс. Осынысымен Арал – Қазалы өңіріне танымал теміржолшы Рахмановтар әулетінде тәлім-тәрбие алған Әбжәми мен серіктесі Нұрсұлтан да ата кәсіпке берілгендіктерін тағы бір дәлелдеді. Тағы бір деуіміздің себебі, осыдан бірнеше жыл бұрын болған осындай оқиғаның басы-қасында Әбжәми жүрген екен...
– 1994 жыл. Менің Қазалыдан Төретам бекетіне ауысып келіп, вагон қараушылық міндетке кіріскеніме оншақты жыл болған кез. Станцияға келіп тоқтаған жолаушылар пойызының ақаулы білігінің анықталуына себепкер болдым. Сол кездегі қырағылығым үшін сыйақы берген болатын, – дейді аға вагон қараушы Әбжәми Рахманов.
Әрине, тәуліктің қай мезгілінде болсын станцияға келіп тоқтаған пойыздың техникалық жағдайын көзбен шолып, бақылаудан өткізу вагон қараушылардың міндеті. Осы міндет үдесінен Әбжәми мен Нұрсұлтанның табыла білгенін ұжымы мақтан етіп отыр.
–Төретам техникалық вагон қарау және тапсыру бекетінде Жарылқасын Тынымбаевтың жетекшілігімен 11 вагон қараушы жұмыс істейді. Олар станцияға келіп-кеткен пойыздарға техникалық қызмет көрсетеді. Төретам ТҚТ бекетіндегі вагон қараушылардың алды 35 жылға жуық жұмыс жасаған Әбдіжәми, Нұрсұлтан секілді тәжірибелі теміржолшылар. Және де өз ісінің шебері, өзгелерге үйретері мол, кәсіби міндетін жете түсінетін осы қос вагон қараушы ұжымның абыройын асқақтатып жүр. Олардың жолаушылар пойызына төнген қауіпті сейілтуі қандай марапатқа да лайық. Біздің жігіттер өз міндеттерін абыроймен атқарып, өзгелерге үлгі бола білді. Біз оларды мақтан тұтамыз, – дейді Қазалы вагон пайдалану депосының директоры Арғын Орынбаев.
Өткен жылды толағай табыспен тәмамдап «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары арасында жүлделі екінші орынға ие болған Қазалы вагон пайдалану депосының ұжымы биылғы жылды да сәтті аяқтап, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға бір кісідей жұмыла кіріскендерін қазірден бастап өнегелі істерімен байқатуда.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Төретам
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті
Инфрақұрылым
11.03.2026
Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту қарқыны кестеден озып тұр
Жаңалықтар
11.03.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Қарбаласқа толы күн
Жолаушылар тасымалы
09.03.2026
Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді
Трансформация
08.03.2026
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Шынайы құрметке лайық
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Еңбек жолы – өнеге