Еңбек түбі – зейнет
Жаңалықтар
13.06.2016, 10:20
Атырау магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы бөлімше филиалы болып табылатын Мақат қалпына келтіру пойызында көп жылдар еңбек етіп, зейнеткерлік жасына жеткен үш теміржолшыны құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Аталмыш шарада Атырау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жанат Жартыбаев, персонал жөніндегі менеджері Анар Жалғасбаева, аталған бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрағасы Нәсіп Әліпқалиева, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Алла Плотникова әріптестері туралы жылы лебіздерін білдіріп, той иелеріне жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Темір жол саласын өркендетуге зейнеткерлікке шығып жатқан әр теміржолшының өзіндік үлесі бар екенін айтады әріптестері. Мысалы, Атырау өңіріндегі Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясында дүниеге келген Төлеген Әбдірашев темір жол саласында қырық екі жыл тер төккен. Алғашқы еңбек жолын Жол машиналары станциясының (ПМС) жол монтері қызметінен бастаған ол 2001 жылдан бері Атырау магистральдық желі бөлімшесінің Мақат станциясы қалпына келтіру пойызының машинист бульдозер лауазымын атқарып келген. Ал екінші мерейтой иесі Жолдасқали Нұрекеновтің темір жол саласында еңбек етіп, суығы мен ыстығына бірдей жүргеніне 33 жыл болыпты. Ұл-қыз өсіріп, оларды құтты орындарына қондырған Жолдасқали ендігі өмірін немерелерінің тәрбиесіне арнамақ. Аталған ұжымда өзге ұлт өкілдерінің де бір атаның баласындай ауызбіршілікпен еңбек етіп, Атырау темір жолының тынысын кеңейтуге атсалысуы көңілге қуаныш ұялатады. Солардың қатарында, зейнеткерлік жасына жетіп, көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге қадам басқан Степан Ильченко бар. Ол Мақат локомотив депосында тепловоз машинистінің көмекшісі, ал 1986 жылдан бері Мақат станциясы қалпына келтіру пойызында тракторист болып еңбек етіпті.
Салтанатты шарада сөз алған Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персонал жөніндегі менеджері Анар Жалғасбаева:
–Сіздер өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ағайын-туыстарыңыздың, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Өз жұмыстарыңызды абыроймен атқара жүріп, тәжірибелі маман ретінде білгендеріңізді кейінгі толқын жастармен бөлісіп, әркез үйретуден жалықпадыңыздар. Сіздердің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады. Өйткені, Сіздердің өмірлеріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі, –дей келе, ардагер теміржолшылардың деніне саулық, ұрпақ қызығын көруді тіледі.
Шара соңында үш зейнеткерге ұжымдастары ақжарма тілектерін айтып, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды