Жаңа вокзал – сарапшылар көзімен
Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТМТМ) форумында бас қосқан делегаттардың бір тобы жуырда ашылған «Нұрлы жол» вокзалына ат басын бұрып, жаңа нысанды аралап көрді.
Сарапшыларды «Нұрлы жол» вокзалы кешенінің бастығы Дінмұхамед Құсайынов қарсы алып, жаңа вокзалмен таныстырды. Аумағы 126 мың шаршы метр болатын алты қабаттан тұратын жаңа вокзалының бірінші және екінші қабатында 140 көлікке арналған автотұрақ барын айтқан вокзал бастығы, жолаушылардың тексерістен өткізетін 16 кіреберіс барын, сондай-ақ ақылды жүйемен басқарылатын 510 камера орнатылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, үшінші қабатта шатыр астында орналасқан перронды көрсетіп, ғимараттың ең негізгі қабаты болып саналатын төртінші қабатты таныстырды. Басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы бар қабатта сауда орындары да ашылғанын айтып өтті.
Зәулім ғимараттың бесінші қабатындағы фуд-кортты көрген сарапшылар бір нысанның ішінде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалғанына таңдай қағысты. Тәулігіне 35 мың жолаушыға қызмет көрсететін вокзалда ана мен бала бөлмелері, қонақ үй, медициналық пункттер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарды тамашалаған сарапшылар үш тілде сөйлейтін вокзал қызметкерлеріне де риза болды.
– Мен Астанаға осыдан 10 жыл бұрын келгенмін. Ол кезде қалада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан болатын. Енді биыл екінші рет Экспоға келіп, жайнаған Астанаға қарап, өз көзіме өзім сенбедім. Бүгін мынадай ғажап вокзалды аралап, көркіне көзім тоймады. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған кезде, тіпті керемет болайын деп тұр, – деп таңданысын жасыра алмады шетелдік сарапшы Ирина Аурелия.
Ал қытайлық мейман Лю Даоцзюнь алып та еңселі ғимараттың әрбір қабатын, әр залды қайта-қайта қызықтап: «Мұндай алып вокзалды бұрын-соңды көрмеппін!», деп бір-ақ қайырды.
– Қашанда жаңадан бой көтерген ғимарат қызықтырмай қоймайды. Мына біз аралаған вокзал да өте керемет салынған екен. Халықаралық көрмеге келген қонақтарға міндетті түрде осы жаңа вокзалды көруге кеңес беремін. Өйткені мұндайды тек көру керек! Теңдессіз нысан тынымсыз жұмыс жасап, ел игілігіне жарасын деген тілегімді білдіргім келеді, – деп әсерімен бөлісті литвалық сарапшы Тонтгинас Санкаустнас.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды