Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
«Ішкі бапкер» байқауы басталды
Оқуға 1 мин
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз еңбеккерлері арасында тәлімгерлердің, қазіргі атауы, ішкі бапкерлердің байқауын жариялады.
Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ішкі бапкерлер» институты еңбеккерлердің білімін жетілдіруге кететін шығынды үнемдейді.
–Оның сыртында сирек кездесетін мамандық түрлеріне даярлауды сапалы жүзеге асырады. Байқауға әртүрлі мамандықтар бойынша ұзақ жылдар салада қызмет еткен тәжірибелі шеберлер қатыса алады. Үміткерлер кәсіби біліктілігін, тәжірибесін, шеберлігін таныта білуі тиіс, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Темір жол көлігі персоналын даярлау мен бағалау орталығы» директорының орынбасары Мәдина Әбдірова.
Іріктеуден өткен шеберлер тиісті сертификаттар алу үшін оқытушылық курстардан өткізіледі. Ішкі бапкерлер негізгі жұмысына кедергі келтірместен дәріс беру сабақтарын кәсіпорында өндіріс басында жүргізеді. Өзіне берілген тапсырманы табысты орындаған жағдайда, ішкі бапкерлерге айлық жалақысы сақталып, үш күн демалыс беріледі. Сондай-ақ басқа да марапаттау түрлері қарастырылады.