«Үздіктер алаңы» – мамандарды дамыту бағдарламасы (Фото)

Жаңалықтар
16.09.2024, 14:49
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Оқу орталығында «Үздіктер алаңы» корпоративтік дамыту бағдарламасы бастау алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Үздіктер алаңы» –  компания мамандарын дамытуға арналған циклді бағдарлама. Бұған дейін дәл осы бағдарлама аясында энергетиктер өз білімдерін шыңдаса, бүгін еліміз бойынша белгі беру және байланыс дистацияларынан 66 маман біліктіліктерін арттыруға жиналды.

Жиынның ашылуында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Рахметов бұл оқыту курсына белгі беру-байланыс саласынынң мамандарын арнайы қосқандарын атап өтті.  

«Сіздер осы жерден алған білімдеріңізді жұмыс барысында қолданып, жаныңыздағы әріптестеріңізбен де бөліседі деген үміттеміз. Өздеріңіз білесіздер, кез келген қателікті бүгінде ешкім кешірмейді. Қауіпсіздік жағынан жіберіп алған қателіктердің арты қайғылы жағдайға әкеліп соғатын жайттар да жоқ емес. Соны ескере отырып компания білікті мамандарды дайындауға барынша мүдделі болып отыр. Жоғары білікті мамандар команияның көрсеткіші әрі жетістігі болып табылады», – деді С.Рахметов.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байланысшылар бес күн бойы Оқу орталығында өздерін дамыту бойынша тәлімгерлерден білім алады. Осы жерден алған білімін кейін өзі жұмыс істейтін орнында кеңінен қолданып, әріптестерін де жаңашылдыққа үйрететін болады. Мұның барлығы компанияны дамыту жолында атқарылып жатқан бастамалардың бірі. Компания өз қызметкерлерімен бірге даму жолына түсіп отыр.

«Қазір біз мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық білімін де шыңдаудамыз. Өйткені мұнда өндіріс адамдарымен тікелей жұмыс істейтін басқарушы қызметтегі мамандар жиналып отыр. Өндірістегі қауіпсіздіктен бастап адамдармен жақсы тіл табысып, жұмысты ілгерілетудің барлығы осы мамандардың біліктілігі мен дұрыс шешім қабылдауына байланысты. Сондықтан курс барысындағы тренингтің тақырыбы мен білімі Орталық департаментпен талқылана отырып жасалды. Сол себепті курсты тамамдаған жандар біліктілігін көтеріп, жан-жақты ойлай білетін бесаспап маман болып шығады деп ойлаймыз», – дейді компанияның HR-бизнес серіктесі Алма Сәулебаева.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті