Жастар қалауы – кәсібилік

Жаңалықтар
04.07.2017, 09:57
Оқуға 2 мин
 Жас буын арасында кәсібилікті шыңдау – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Ағымдағы жылдың наурыз айында Семей бөлімшесі бойынша осы бағытта ерекше байқау жарияланған болатын. Жас буынды техникалық білімге ынталандыра отырып, біліктілікті арттыруды көздеген  байқау  төрт айға созылып,  Астана күні қарсаңында  мәреге жетті. Аталмыш конкурсқа пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, машинистер мен вагон қараушылар қатысқан  болатын. Қорытынды жиында осы мамандық иелерінен құралған командалар,  атап айтсақ, бөлімшеге қарасты Семей, Жаңасемей, Дегелең, Шар, Аягөз сынды ең ірі бес станцияның жас теміржолшылары өзара іріктеліп, ақтық сайысқа түсті. Алғашқы кезең бойынша әр команда алдын ала әзірленген сауалдарға жауап берді. Қызметтік бағыт бойынша қойылған сұрақтардың жауабын табу оңайға түспеді. Кейбір жауаптар қазылар алқасын қанағаттандырмағандықтан қабылданбай жатты. Әйтсе де, командалар арасынан теміржол саласы бойынша эрудициялық білім қоры мол жігіттер мен қыздардың көп екендігі осы кезеңдерде анық байқалды. Сайыс жайдарман ойындары тәртібімен өткендіктен де жастар үшін мейлінше қызықты әрі тартымды өрбіді. Әрбір кезең арасында байқаудың басқа да аталымдары яғни, «Үздік техникалық дәрісхана», «Үздік бейнефильм» бойынша жүлдегер атанған бейнероликтер көрерменге көрсетіліп отырды. Бұл материалдар арнайы құрылған комиссияның қарауынан өтіп, ұзақ талқыланған соң ғана жеңімпаздар анықталыпты. Нәтижесінде «Үздік техникалық дәрісхана» аталымын арнайы жабдықталған кабинеті барлық талапқа сай келетін Жаңасемей станциясы жеңіп алыпты. Ал, «Үздік бейнефильм» аталымын тепловоз бригадасының қарбаласқа толы бір күндік қызметін санаулы минуттан тұратын кадрларға әсерлі түрде сыйдырған, шығармашылық тұрғыдан айрықша тапқырлық танытқан Аягөз локомотив пайдалану депосының теміржолшылары иеленді. «Менің сүйікті мамандығым» атты әуесқой бейнефильмді машинистердің өздері әзірлепті. Жалпы байқауды ұйымдастыру арқылы жастардың біліктілігін шыңдау, ұжымдық әрекеттестікті дамыту, мамандардың өз қызметтеріне құштарлығын арттыру көзделген болатын. Бұл туралы байқау қорытындысын жариялауға сахна төріне шыққан бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Гүлнар Төлеуханова айтып өтті. Ал, бөлімшенің бас инженері Отарбек Кемелбекұлы осынау шараның өту барысына тоқтала келе, жастардың кәсібилікке деген ынтасына қазылар алқасының көңілі толатынын жеткізді.   Нәтижесінде барлық кезеңнен сүрінбей өткен аягөздік жастардан құралған «Аягөз» командасы жеңімпаз атанып, бірінші орынды жеңіп алды. Осыған дейін жайдарман ойындары бойынша төрт бірдей бөлімше арасындағы ойындардың жүлдегері атанған аягөздіктер бұл жолы да жасындай жарқылдады. Ал, жүлделі екінші орынды Жаңасемей теміржолшыларының «Экспресс» командасы иеленсе, үшінші орын Дегелең жастарының еншісіне тиді. Сонымен қатар әр аталым бойынша да байқау жеңімпаздары анықталып,  барлығы Астана бедерлі мақтау грамотасымен және қаржылай сыйақымен марапатталды. 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты