Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмеде «Қазтеміртранс» АҚ-ның цифрлы экожүйесі таныстырылды

Жаңалықтар
10.10.2024, 12:58
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Астанада өтіп жатқан 27-ші халықаралық «Көлік және логистика» — Translogistica Kazakhstan 2024 көрмесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақпараттық жүйелеріндегі жаңашылдықтар таныстырылды.

Еліміздегі ең көп жүк вагондары «Қазтеміртранс» АҚ-на қарайды. Алпауыт мекеменің қарамағында - 27 387 жартылай вагон,  6705 жабық вагон бар. Оған қоса 474 платформаға ие.  

«Қазтеміртранс» АҚ Ақпараттық жүйелер және технологиялар департаментінің директоры Серік Мұратбекұлының айтуынша, аталған мекеме өз клиенттерімен онлайн режимде және бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істеп жатыр. Яғни, клиенттердің ыңғайлылығы үшін құжат қабылдау барысы автоматтандырылған. Соның арқасында мекеменің жұмысы алға жылжып, үлкен табыстарға жетуде.

«Біздің қызметті тұтынушылар ешқайда бармай-ақ жеке кабинетінде құжаттарды онлайн толтырып, бекіте алады. Келісімшарт жасау, тасымалды белгілеу, оны жабу және есеп фактурасын жіберудің бәрін онлайн жасай алады. Келісімшарт жасасу мен тарифті белгілеу бір күн уақытты ғана алады. Бұрын ол бір аптаға дейін созылатын. Одан бөлек аймақтық желінің жұмысы да жақсы жолға қойылған. Адамдар кез келген өңірде біздің өкілдіктерге немесе байланыс орталығына жүгіне алады, яғни әлеуметтік желілерде де біздің аккаунттарымыз бар», - дейді С.Мұратбекұлы.  

Сонымен қатар ол қағаз бастылықтан арылу қоршаған ортаны сақтап, табиғатты аялауға да мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Автоматтандырылған жүйе қоршаған ортамызды сақтап қана қоймай, клиенттердің уақытын үнемдеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Біздегі құжаттардың барлығы онлайн режимде қолжетімді әрі қауіпсіз», - дейді ол.  

Айта кетсек 9-11 қазан аралығында өтетін көрмеге 18 елден 180 компания қатысып жатыр.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады