Ардагерді құттықтады
Жаңалықтар
11.05.2016, 19:19
Жамбыл локомотив пайдалану депосының директоры Айғабыл Утеубаев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Рымтай Жолдасбеков, депо ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтан Өскенбаев бастаған топ қарт машинист Владимир Степанчукты 91 жасқа толған туған күнімен құттықтап барды.
Әлі күнге дейін өзі тұрып-жүретін қария өмірлік серігі, әйелінің төсек тартып жатып қалғанына қынжылатыны болмаса, ешкімге зияным жоқ дейді. Әріптестерімен емін-жарқын әңгіме құрған қарт майдангер Владимир Иванович 1925 жылдың 15 ақпанында Қырғызстанның Фрунзе облысының Талас ауданында дүниеге келген екен. Соғысқа 1943 жылдың 18 мамырында шақырылып, 1944 жылы Ташкент қаласында сержанттар даярлайтын мектепті бітіріп шығады. Кейін Алматы қаласында жасақталған батальонда соғысқа аттанады. Владимир Степанчук Прибалтика, Литваны азат етуге қатысады. Бір ұрыста гранат сынығы аяғына тиіп, қатты жараланады. 1950 жылдың 3 сәуірінде әскер қатарынан босап, Қырымға келген соң Симферопол қаласындағы локомотив депосында паровоз машинисінің көмекшісі болады. Кейін жолдамамен Сары-Шаған депосына жұмысқа жіберілген жас машинист Жамбыл депосына ауысқан соң 1980 жылы зейнетке шыққанша тапжылмай еңбек етеді. «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» ордені мен «Германияны жеңгені үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарының иегері Владимир Степанчук қалын сұрай келген депо басшыларына алғысын айтып, ақ батасын берді.
Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады