Ерлік емей, немене?!
Жаңалықтар
13.07.2016, 16:20
Қазалы вагон пайдалану депосының Шиелі станциясындағы техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушысы Мақсұт Сарибаев өткен жылдың тамыз айының 15 күні №41 «Алматы – Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызы вагонынан қауіпті ақау тапты.
Пойыз құрамындағы 18-вагонының буксы торабында ТРКП типті жетекші шкив бекітпесінің шашылып бұзылғанын сырттай бақылау арқылы бірден анықтап, қауіпті апаттың алдын алған вагон қараушынының бұл қырағылығын ерлікке теңеуіміздің себебі күндіздің өзінде ажырату қиын ақауды жеті қараңғы түнде анықтауы еді.
Вагон шаруашылығының «қыр-сырын» әбден меңгерген тәжірибелі вагоншы Мақсұт вагон доңғалағының ремені босаңқырап, «енжар» дөңгеленіп келе жатқанын пойыз станцияға келіп тоқтаған соң сыртқы белгілеріне қарап анықтаған. Доңғалақ ременіне аяғын салып басқанда оның әдеттегіден бос екеніне көз жеткізген де аға вагон қараушы мен Шиелі ТҚКҚ басшысы Дастан Төлегеновке, ауысымның аға вагон қараушысы Мейрамбек Ержановқа және де тиісті орындарға хабарлаған екен. Вагон ақауын тексерушілер вагон доңғалағының тісті бөлшек бекітпесінің М12х75-тік екі болты сынып, М110 арнайы бұрандасының бұрама тіні желініп, ТРКП типті жетекші шкив бекітпесі шашылып кеткеніне көз жеткізеді. №41-ші пойыздың ақаулы вагоны бұған дейін Сауран, Талап, Жаңақорған, Төменарық секілді станциялардағы жылжымалы құраманың техникалық күйін пойыздардың жүрісі кезінде автоматты бақылау құралдарынан ескертусіз жүріп өткен, бекеттердегі КТСМ-02 құрылғыларында «Дабыл-0», «Дабыл-1», «Дабыл-2» белгісі тіркелмеген көрінеді. Ақаулы вагон Минск вагон жөндеу депосында деполық жөндеуден өткен жылы өткен екен.
Жолаушылар пойызының қозғалысқа жарамсыз доңғалағы Шиелі ТҚКҚ технологиялық картасына сәйкес 52 минутта ауыстырылуы қарастырылған және Шиелі ТҚКҚ-ның ағымдық жөндеу тұйығында штаттық кестеге сәйкес түнгі уақытта 30 минут қосымша қосылады екен. Ал ақау табылған №41 пойыздың 18-вагонының доңғалағы бас-аяғы 45 минутта ауыстырылып жөндеуден шыққанын білдіретін ВУ-36 нысаны, тежегіштің сынақтан өтуін айғақтайтын ВУ-45 секілді қажетті нысандық анықтамалар алынып, вагон қозғалысқа жарамды халге келтіріліп, жылжымалы құрамға 45 минутта қайта тіркеліп, жылжымалы құрам қозғалысқа жөнелтіледі. Қазалы вагон пайдалану депосында он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан қырағы вагон қараушы Мақсұт Сарибаев пен шиелілік техникалық қосын еңбеккерлерінің сол кезде ескерусіз калған бұл еңбегі шынында ерлік емей, немене?!
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн