Бабатайда өткен бір күн
Жаңалықтар
13.07.2016, 17:03
Елордадан отыз шақырымнан астам қашықтықта орналасқан төртінші сыныпты Бабатай станциясы тыныс-тіршілігі шағын болса да, шаруасына мығым ұжымы бар үлгілі бекет. Станция бастығы Марат Қожахметовтің бұл қызметке тағайындалғанына бір жыл да тола қоймапты.
Темір жол саласындағы еңбек жолын қарапайым жолшыдан, яғни жол монтері мамандығынан бастап, бүгінде жалпы жұмыс өтілі 15 жылды құрап отырған Марат Кәріпұлы бастаған бабатайлық теміржолшылар бізді жарқын жүзбен қуана қарсы алды. Станция ұжымы шағын, ауысыммен еңбек ететін станция төрт кезекшілері мен тауар кассирлері, вагон құрастырушы, айналдырған 7-8 теміржолшы аралық станцияның жұмысын ұршықтай үйіріп отыр. Станцияға қала маңына қатынайтын жергілікті пойыз аял жасағаны болмаса өзге жолаушы пойыздары тоқтамайды.
Шағын елдімекен тұрғындарының теміржолшылары станциядан бөлек жол дистанциясында, бірнеше адам байланыс және электрмен қамту дистанциясында еңбек етеді.Жергілікті «Бабатай-астық» кәсіпорнында жұмыс істейді он шақты адам, сосын мектеп бар, жалпы жергілікті халықтың еңбекке жарамдысы жұмыспен қатылған, бос жүрген ешкім жоқ, Аршалы аудан орталығы, басқа да елді мекендер бар жан-жақта, жұмыс істейтін деген адамға табылады, –дейді станция бастығы.
–Шағын станция ғимаратында өткен он минуттық басқосуға бекеттегі барлық теміржолшылар қатысуы дәстүрге айналған екен. «Илегендері бір тері» болған соң жұмысты бірге жоспарлап, станция бастығы соңғы жаңалықтар мен бұйрық, жеделхаттармен таныстырады. Бұл жолы теміржолшыларды қатты қуантқан жаңалық, жыл басынан былтырғы, қаржы дағдарысына орай қабылданған 24 күндік ақысыз еңбек демалысының жойылғаны жайлы хабар болды.
Станция бастығының бөлмесінен шыққан теміржолшылар жан-жаққа талап кетті. Біз келесі бөлмеде отырған кезекшілер жұмысымен танысып шыққан соң жол бойында жүрген сары күртелі жолшыларды бетке алдық. Қарағанды жол дистанциясының №1 өндірістік телім бастығы Жалғас Құлжанбековтің жігіттері түнде жауған қырбық қардан станция жолдарын тазартуда екен.
–Қырқыншыдан Аршалыға дейінгі екі бағытта 128 км жолға, үш станция мен үш өткелге жауаптымыз. Жол шеберлері, жол монтерлері, құжаттарды түгендейтін техниктер, өткел кезекшілері бар, барлығы 70-тен артық адам еңбек етеді. Астанаға қатынайтын барлық жолаушы пойыздар, оның ішінде «Тұлпар-Тальго» тәрізді жүйрік пойыздар жүретін болған соң жолдың күтімі ерекше назарда. 2003 жылы толыққанды бүтіндеп, ағаш шпалдарды темір-бетон негізге, бунақтарды ұзынына айырбастаған соң, қазір жолды ағымдық көлемде күтіп, ластанған қиыршық тастарды тазалап тұрмыз. Техника кешендері қол еңбегін жеңілдетіп, кемшіліктерді жедел жоюда. Жазғы жол жөндеуге қатысты өтінімізді тапсырдық. Енді комиссия нақты зәрулікті анықтап, көлем беретін болады, оған дейін күнделікті күтім, қар тазалау, көктемгі тасқыннан қорғану сынды жұмыстар жетерлік, – дейді телім басшысы.
Елді мекен жанынан айналма жол бой көтеріп, жол полициясы қосының шебі көшіріліп, бас қаланың даму белестері Бабатайға да жаңаша серпін сыйламақ. Ағымдағы жыл қорытындысында мәре сызығын кеседі деп жоспарланған жобаға бабатайлық теміржолшылар үлкен үміт артуда екен.
Түске жақын станция бастығымен бірге «Бабатай-астық» кәсіпорнына барып, жүк вагондарына астық өнімдерінің тиелу процесін бақылап қайттық. Марат Қожахметовтің айтуынша, станцияның өз басынан тиеліп-түсірілетін жүк осы астық кәсіпорны мен аптасына бір екі рет келетін құрылыс материалдары екен. Түстен кейін станцияға Қарағанды – Астана автожолын салуға құрылыс заттары тиелген бірнеше вагон келіп, тұйық жолда түсіріліп алынды. Барлық істің басы-қасында жүрген станция бастығы жас болса да істің көзін таба білетін іскер жігіт екені байқалады. Екі мыңыншы жылдары Алматы көлік инженерлері институтына түсіп, Қазақ көлік және коммуникация академиясында аяқтап шыққан жас маман жолдама арқылы Қарағанды жол бөлімшесіне қабылданады. Теміржолшылар отбасында өсіп тәрбиеленген жас жұмысқа лезде төселіп, аз жылда кәнігі маман болып қалыптасады.
–Ең бірініш кезекте әрине, қозғалыс қауіпсіздігіне айрықша назар аударып, жіті бақылауда ұстаймыз. Сонымен қатар, бағыттамалы бұрмалар мен белгі беру құралдары жағдайы, комиссиялық тексеріс, вагондар ахуалы, жүк тиеп-түсіру сынды темір жол тірлігіне қатысты барлық жұмыспен қат-қабат айналысудамыз. Тұрақты айлық шаралары жариялануда. Қауіпті аймақ саналатын темір жолға жақын орналасқандықтан тұрғындармен де жиі жұмыс істейміз. Мектепке барып, мұғалімдермен, ата-аналар қауымымен жолығып, қауіпсіздік жайын қайталап, балалар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі, маңайда ойнамауын ескертеміз. Желілік полиция бөлімін, әкімдікті тарта отырып, малдың ауа жайылмауын да қадағалаймыз, – деген станция бастығы шағын бекет үшін өткен жылдың оқыс оқиға, артық шығынсыз өткенін, биылғы жылдан да күтетіндері көп екенін жеткізді.
Алдаберген КЕМПІРБАЕВ
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда