ҚТЖ-да танымал ақындардың шығармашылық кеші өтті

Жаңалықтар
16.04.2025, 11:20
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен оның қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторы айрықша белсенділік танытып, түрлі мәдени-ағартушылық шараларды ұйымдастырып келеді.

Кеше елордадағы теміржолшылардың бас ғимаратында қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген белгілі ақындар – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық айтыстардың жүлдегері Дәулеткерей Кәпұлы және танымал ақын, филология ғылымдарының кандидаты Танакөз Толқынқызының шығармашылық кеші өтті.

Әдеби-сазды кештің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, теміржол саласындағы қызметкерлер мен жас мамандардың рухани дүниетанымын байыту. Іс-шараға теміржол саласының ардагерлері, сала қызметкерлері және колледжде білім алып жатқан болашақ теміржолшылар қатысты. Олар ақындармен еркін сұхбат құрып, әдебиет пен тіл төңірегінде мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Кешті ұйымдастыруға мұрындық болған Мемлекеттік тілді дамыту секторының басшысы Ербол Тоқтағазы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілге қатысты өз ұстанымын жеткізді.

«Қазақ тілінің тұғыры – сөз өнерінде. Дүлдүл ақындарымыз тұрғанда тіліміз де, рухымыз да жасай береді. Бүгінгі кеш – ҚТЖ басшылығының қолдауымен тұңғыш рет кең көлемде өткізіліп отыр. Бұл – мемлекеттік тілге көрсетілген нақты құрметтің бір көрінісі. Қазақтың сөзі мен сазы қатар өрілетін рухани кештер алда да жалғасын табады», – деді ол.

Шығармашылық кеш барысында ақындар өз жырларынан үзінді оқып, тіл мен руханият жайлы толғамды ойларын ортаға салды. Ақын Дәулеткерей Кәпұлы кешегі Түрксіб теміржолының маңызын тілге тиек ете отырып, тілге деген құрмет – елдікке деген құрмет екенін атап өтті.

«Кешегі Мұхамеджан Тынышпаев бастаған Түрксіб теміржолы іске қосылғалы бері қазақ халқы теміржолдың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін ұғына білді. Бүгінгі таңда кез келген ұлттық компанияда жұмыс істейтін азамат ең алдымен өз ана тіліне құрметпен қарауы керек. Ана тіліміздің мәртебесін асқақтату – әрбір азаматтың парызы. Тіліне немқұрайлы қараған ұлт, түптеп келгенде, өз болашағына қауіп төндіреді, – деді ол.

Танакөз Толқынқызы да өз сөзінде тілдің көркемдік мүмкіндіктері мен оның ұлттың болмысын танытатын басты құрал екеніне тоқталып, жастарды ана тілді сүюге шақырды.

Кештің тағы бір ерекшелігі – тек ақындар ғана емес, теміржолшылар мен болашақ мамандар да өз өнерлерін ортаға салып, ақындардың жыр шұмақтарын оқып, ән шырқап, би билеп, кеш шырайын аша түсті. Бұл шара шығармашылық пен өнерге, тіл мен ұлттық мұраға деген құрметтің нақты үлгісі болды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мемлекеттік тіл саясатын қолдауда және оны кеңінен насихаттауда белсенді бастамалар көтеріп отырғанын айқын көрсетті. Бұл – тілге деген шынайы құрметтің, ұлт болашағына деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады