Жіңішкеде толассыз қызу тірлік...
Жаңалықтар
14.07.2016, 09:35
Жас болса да, басшы болған Ықылас Абаев Жіңішке станциясын басқарады. Ақтөбе жол бөлімшесіндегі өнеркәсіптік аумақта орналасқан ондаған зауыт-цехтармен байланыс жасап, бөлімшеге қарасты техникалық тапсырманың жартысынан астамын орындап отырған Жіңішке станциясының жоспарланған көрсеткіштері, әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан, артығымен орындалып келеді.
Оған осы өңірдегі ірі жобалардың жүзеге асырылуы, атап айтқанда, таяу маңда Ақтөбе рельс-арқалық зауытының құрылысы, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының төртінші цехының салынуы, былтыр қолданысқа берілген Шалқар – Бейнеу темір жол тармағы, еліміздің батыс өңіріндегі өзге де алып жобалар Жіңішке станциясының жұмысымен тығыз байланысты. Көбінесе, құрылыс материалдары тасымалданып жатады. Тауар көбінесе еліміздің солтүстік облыстарынан келеді. Ақтөбе ферроқорытпа зауытына шикізат жеткізіледі. Мұнда таңның атысы, күннің батысы жүк тиеліп, түсіріліп жатады. Қыж-қыж қайнаған қозғалыс.
Біздің жұмысымыз таңғы 7.00-де басталады. 7-30-дар шамасында түнімен атқарылған жұмыс көрсеткіштері, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы бойынша Ақтөбе жол бөлімшесіне есеп береміз. Селекторлық жиында тиелген жүк пен түсірілген жүктің көрсеткішін айтамыз. Содан кейін күнделікті тірлік – темір жол паркінің жұмысын қадағалау, қызметкерлермен техникалық дәрістер өткізу, техникалық қауіпсіздіктің орындалуын бақылау, тағысын тағы қарбалас жұмыстар басталады. Осындай жұмыстармен таңның атып, күннің батқанын білмей қаламыз. Бірақ, осының өзі қызық, – дейді Жіңішке стациясының бастығы Ықылас Абаев станция басын аралата жүріп.
Бүгінде станцияда 107 адам жұмыс істейді. Былтыр станция қарамағына өткен Қызғалдақты станциясындағы 14 адамды және қосыңыз. Қызғалдақты демекші, ол жерде биылдан бастап, өндірістік жүк тиеліп, түсіріле бастады. Ақтөбе рельс-арқалық зауытына қажетті шикізат жеткізіле бастады. Бұрын №39 разъезд аталып келген бүгінгі Қызғалдақты станциясында жолдар саны екі есеге көбейді. Мәртебесі өзгеріп, штат саны ұлғайды. Ақпан айында ғана 149 вагон жүк түсірілген екен.
Жіңішке мен Қызғалдақтының арасы шамамен 13 шақырымдай. Екі ортаны жол қылдық. Жұмыс барысын күнделікті қадағалап отыруым керек. Ұжымда бастысы ауызбіршілік қой. Сондықтан, біздікіндей жауапкершілігі жоғары станцияда көрсеткіштің жақсы болуы ұжымға да байланысты. Қызметкерлеріміздің жағдайын назардан шығармаймыз. Ұжымдық шарт талаптары орындалады. Жыл сайын курорт-санаторийлерге жолдама қарастырылған. Балаларын демалыс лагерьлеріне жібереміз. Әлеуметтік тұрғыда қолдан келгенше көмегімізді аямаймыз, – дейді станция бастығы.
Ұжымға қосылған жас мамандарға аға буын білгенін үйретіп келеді. Білікті де білімді қызметкерлер тәжірибе жинақтаған соң, көбіне бөлімшеге қызмет ауыстырады.
Станцияда 50-дан астам жол бар, вагондарды арнайы мекеме әрі қарай компанияларға үлестіріп отырады. Айдың басында және соңғы онкүндігінде міндетті түрде комиссиялық бақылау шаралары қолға алынады. Қыста парк қардан тазартылады. Бөгде адамдар өтпес үшін күзет қызметі бар, оның үстіне былтыр жауапкершілік күшейтілді.
Айта кетейік, бүгінде станцияның вагондарды өткізу қабілеті тәулігіне 210 вагонды құрайды. 2014 жылы 6792 вагон тиелсе, былтыр 7740 вагон тиелген. Екі жыл бұрын 23 460 вагон жүк түсірілсе, өткен жылы 25 899 вагон түсіріліпті. Ықылас Абаевтың есебінше, өткен жылы шамамен 1,5 млн тонна жүк түсірілу керек болатын, алайда жоспар артығымен орындалды. Оның ішінде құрылыс материалдары 110,5 пайыз, металл сынықтары 262,2 пайыз, астық 407, мұнай 252,3 пайызға артық жеткізілген.
Станция көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі тоқталып өткен Ықылас Абаев жұмыс орындарын көрсетіп шықты. Станция кезекшісі орнында, сұрыптаушылар қызу жұмыс үстінде екен. Парк ішінде сары жилет киген пойыз құрастырушылар «башмактарын» реттестіріп жүр. Маневрлі тепловоз вагондарды оңды-солды тасымалдайды. Станция ғимараты сонау патша дәуірінде көтерілген ескі ғимарат. Жөндеуді қажет ететіні аңғарылады.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды