«Батырлар ұраны» шырқалған кеш

Жаңалықтар
06.05.2025, 16:55
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бас ғимаратының мәжіліс залында Отан қорғаушылар мен Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Ерлік пен патриоттық рухқа толы болған кеште нәзік жандар тарапынан әскери әндер шырқалды, би биленді. 

   

Ел қорғаған ерлер құрметіне аталған мерекелік шараны ұйымдастырған компанияның әйелдер қауымы әріптестерін Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтап, оларға шынайы құрмет пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шараға тыл ардагерлері мен ауған соғысы ардагерлері де арнайы шақырылған. Нәзік жандардың  сахнада өз өнерін паш етуі – Ұлы Жеңіс күнін сыйлаған аға буынның ерлігіне бас иіп, олардың бүгінгі ізбасарларына құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар теміржолшылар арасындағы ынтымақ пен бірліктің белгісі іспетті болды. Іс-шараның басты мақсаты – ер азаматтардың қажырлы еңбегіне алғыс айтып, олардың Отан алдындағы жауапкершілігі мен патриоттық рухын бағалау болды.

Мерекелік кешті «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері «Попурри» әнімен ашты. Олар сахнаны жарасымды бейне, жарқын күлкілеріне толтырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұдан кейін сахна төріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Көпфункцияналды қызмет көрсету орталығының қызметкерлері шығып, «Қайда?» әнін орындап, кәсіби бишілердей шебер іс-қимылдарымен көрерменді тәнті етті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері «Шойын жолдың ерлері» атты әсерлі әнмен көрермен жүрегінен орын алды. Ал Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері орындаған «KZ жігіт» әні мен олардың жігерлі биі – теміржолшылардың тек кәсіби маман ғана емес, сонымен бірге өнерлі жандар екенін тағы бір дәлелдеді.

Мерекелік кештің әсерін толықтырған «Әскери күзет қызметі» ЖШС қызметкерлері болды. Олар дайындаған «Офицер мырзалар» әні патриоттық сезімге толы, жігерлі әуенімен ерекше әсер қалдырды. Ән мен биді шебер үйлестіре білген олардың өнері көпшіліктің ыстық қошеметіне ие болды.

Сонымен қатар «ҚТЖ-Жолаушы локомотивтері» ЖШС қызметкерлері  «Қорғаушы ер» әнін орындады, Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы қызметкерлері «Теміржолдың қорғаушылары» әнін, ал «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері «Батырлар ұраны» әнін орындады. Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Экспресс филиалының қызметкері «Текті қазақ» әнін шырқаса, «KTZ Express» АҚ қызметкерлері «Көк берет» әнін нақышына келтіріп орындап, таң қалдырды. Ал Заң қызметкерлері «Теміржол тарландары» әнін орындап, көпшіліктің ыстық қыласына бөленді.  

Осылайша мерекелік шараға қатысқан әр ұжымның қыз-келіншектері  өз өнерлері арқылы теміржол саласында қызмет етіп жүрген ер-азаматтарға деген құрметін білдірді. Бұл – еңбек пен рух, патриотизм мен мәдениет тоғысқан кеш болды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті