«Тасымалдың азаюы уақытша құбылыс» дейді шағырлықтар

Жаңалықтар
14.07.2016, 10:06
Екінші класты жүк станциясына жататын Шағырда соңғы оншақты жыл көлемінде  тасымал толастамаған еді. Қызылорданың Құмкөлінен «Қазтрансойл» компаниясының құбырымен келетін қара алтын Шымкенттегі Айкөл мұнай құю бекетімен жалғасып, Шағыр станциясына жететін. «Тургай-Петролеум» компаниясының Шағыр станциясында шағын мұнай құю қоймасы болғандықтан, мұнай өнімдері осында вагондарға құйылып, экспортқа шығарылатын. Қоймадағы техникалардың қуаты бір құйғанда қырық вагонды мұнайға толтырып, өнімді Өзбекстанға жөнелтіп тұратын. Соңғы бір жарым жылдан бері мұнай тасымалы саябырсыған. Сондықтан, әзірге тек пойыздарды қабылдап-өткізіп тұрады. Станция бастығының орынбасары Нұрлан Нұржановтың айтуынша, соңғы кезде Өзбекстан тарапы қаржыны уақытылы төлемеуінің салдарынан, мұнай жиі артылмайды. Дегенмен, сәуір айында 517 вагонға 30 мың тоннадай мұнай құйып жіберу жоспарлануда.    Шағын бекетте  әр дүйсенбіде  өтетін дәстүрлі «Станция бастығының күні» таңертеңгі сағат тоғызда жол, электр, байланыс, вагон шаруашылығы сынды құрылымдық бөлімдердің мамандары жиналып, қауіпсіздік жағынан олар станция бастығына бағынғандықтан, өз жұмыстарындағы шешімін таппай тұрған мәселені ортаға салады. Яғни,  әр құрылымдық саланың аға мамандары өздеріне қажетті материалдардың керектігін айтады. Қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті материалдардың тізімі жасалып, хаттама толтырып, оның шешімі шыққан соң хаттаманы Арыстағы  жол, байланыс дистанияларының басшыларына жібереді. Сонымен қатар, кемшіліктер де сөз болады. Бұл жолы станция бастығы кейбір кемшіліктерді түзеуге мамандардың қол күші керектігін айтып, өзі көрген, тексерген ақау тұстарды айтып, оны тез арада қалпына келтіру жолдарын талқылады.  Мәселен, Бақытжан Қарынтаев жол бойының кейбір тұсында шпаласты  тастардың  азайып қалғанын сөз етті. Оған қажетті тасты тапсырыспен алдыру, оған дейін  басқа көбірек  жерінен азайған тұстарға тастауды тапсырды. Шпалдар айналасында қиыршық тастардың өз мөлшерінде болуы қажет, бұл пойыздардың жүрісін жұмсартып,  селкілдеп, шайқатылудан сақтайды екен.  – Қазір көктемді байқауға дайындық жүріп жатыр. Сәуірдің орталарына бөлімше басшылары тексеруге шығады. Оған дейін бекет шаруашылығын түгел жазға тасымалға дайын қылып, ауланы тазалап, жолдар арасының шөбін жұлып, ғимараттарды ақтап-сырлап бітіруіміз керек. Еңбек қорғау бойынша жұмысшыларға жағдай жасауды тағы бір пысықтап,  қауіпсіздік белгілерін қайта сырлап, жаңартамыз, – дейді станция бастығы. Бүгінде мұндағы жұмыс азайған соң, отыз беске жуық теміржолшының алтауы өзге  станцияларға уақытша ауыстырылған. Тауар кассирлері Қазығұрт пен Текесуға барса, пойыз құрастырушылар мен жүк қабылдап-жөнелтушілерді Арыс станциясына орналастырыпты.  Қазіргі таңда 5 станция кезекшісі мен үш пойыз құрастырушы, бір оператор, бір тауар кассирі және бір жүк қабылдап-тапсырушы еңбек етеді. 15 жылдан бері бекеттің пойыз құрастырушысы Қали Бұхарбекұлы өзі келген жылдары жұмыс қарбалас болғандықтан, тіпті, түскі ас ішуге уақыт таппайтын кездерін еске алды. – Бекеттегі жеті жолдың біреуі ғана бос болатын. Қалған жолдарда қоймаға кіріп-шыққан вагондар тұратын. Сондықтан, ол кездері оншақты пойыз құрастырушы еңбек ететінбіз. Қазір ауысымға бір пойыз құрастырушы түседі.  Көрші Монтайтастағы диірменнен ұн артылып жатқанда вагондарды кіргізіп, шығаруға жәрдем беремін. Оның арасында 41 разъездегілер көмекке шақырады. Қолымыз босай қалса, мектепке қатынайтын оқушылар мен халықтың пойыз жолдан аман өтуін қадағалап тұрамыз. Егер тоқтап тұрған құрамдардың дөңгелегінен ақау шықса, вагон қараушыға көмектесіп, босаған болтын бұрасып береміз дегендей,  қысқасы, пойызды тоқтатпауға тырысып жұмыла еңбек ететміз. Толаскез уақытында ұзақтан пойыз келе жатқанын жұмысшыларға айтып немесе дауыстап белгі беретін «сигналист» міндетін де атқарамыз, – дейді Қали Досымбай.             Шағырда жолаушылар пойызынан аптаның бес күнінде тек Шымкент – Сарыағаш қала маңына қатынайтын жергілікті  пойыз ғана тоқтайды. Мыңға тарта халқы бар шағын елдімекен үшін осының өзі жеткілікті. Арыс станциясы 35 шақырым ғана қашықта жатыр.

Динар МЕЙІРМАН, Шағыр

   
Инфрақұрылым
14.07.2026
Елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Аймақтар
14.07.2026
Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды