Жүктің тоналуы азаймай отыр

Жаңалықтар
11.05.2016, 19:31
Өткен жұма күні Тасымалдау үдерісі дирекциясының директоры Данияр Жәмиевтің төрағалық етуімен жүк тасымалының сақталуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар, кемшіліктер мен түйткілдер көпшілік талқысына түскен кеңейтілген жиналыс өтті. [gallery columns="1" size="large" link="file" ids="78"]   Басқосуға «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары, еншілес кәсіпорындары және көліктегі ішкі істер басқармасы өкілдері қатысты. – «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалын сақтау барысында қалыптасып отырған жағдайға алаңдап, Қазақстан аумағында жүктердің ұрлануының алдын алу бойынша түрлі шаралар қабылдап отырғанына қарамастан ұрлық-қарлық азаяр емес. Үстіміздегі жылдың екі айында жүктің шашау шығып, сақталмауына қатысты 19 оқиға тіркеліп, Компания тарапынан жасалған шағымдарға қатысты жүргізілген шығын төлемі 119 075,2 мың теңгені құрады. Былтыр осы уақытта 3 оқиғаға қатысты жалпы шығын көлемі 248,2 мың теңгені құраған болатын, көріп отырғанымыздай, оқиға 6,3 есеге өсіп, ал қаржылық сома 480 есеге өсті. Биылғы 15 жағдайда шығынның ұлғаюы вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан жүктің жоғалуымен, бұзылуымен байланысты болып отыр. Ал 3 оқиғада жүктің тоналуынан келген шығын Компанияның жалпы шығынының 5 пайызын құрап отыр, – деген Данияр Күнжолұлы соңғы уақытта көмірдің ұрлануына қатысты оқиғалардың жиілеп кеткенін атап өтті. Оның айтуынша, 2015 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін жалпы жетіспеушілік 333 вагонда 2 мың тонна шамасын құраған, бұл оқиғалардан келетін шығын мөлшері 16 571 мың теңгені құрауы мүмкін деп күтілуде екен. «Шұбаркөлкөмір» АҚ разрезінен өндірілетін тұрмыстық пайдалануға бағытталған көмірді ұсақ-түйек ұрлау фактілерін болдырмау мақсатында, аталған жүк жүріп өтетін телім станцияларына «ӘТЖК» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы келісімшартқа сәйкес станция парктеріне қосымша 13 күзет қосыны орнатылған. Дирекция басшысы жүк тасымалын діттеген жерге шашау шығармай жеткізу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жағдайдың әлі де күрделеніп отырған тұстары бар екенін айтады. Осы жылдың екі айында контейнерлерді бұзып кіргенде GPS құрылғыларының екі рет іске қосылған оқиғасы болыпты. Көбінесе, номенклатуралық жүктер жол үстінде тоналады екен. Алматы-1 станциясына бағытталған КНР – Алматы-1 бағдарындағы контейнерден 266 млн теңге сомасындағы «ноутбук» жүгінің жетіспейтіні анықталған. – Көліктегі ішкі істер депар­та­ментімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Биылғы жылдың екі айында аталған құзіретті органның тексеріп-тергеуіне 61 коммерциялық акт берілді, бұл өткен жылға қарағанда 33 актіге көп. Ең өкініштісі, ұрлық жасаушылардың қатарында Компания филиалдары мен кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың да бар екендігі. «ӘТЖК» АҚ қызметкерлері ұсынған өткен екі айдағы анықтамаға сүйенсек, биыл 199 адам ұсталып, көліктегі ІІБ тапсырылған. Соның ішінде, жүк ұрлауға қатысқан 16 адам темір жол көлігінің еңбеккері болып шықты, – деген дирекция басшысы бұл адамдармен еңбек шарты бұзылумен қатар оларға заңдық тұрғыдан қатаң шара қолданылатынын да жеткізді. Бұдан кейін тасымал барысында жүктің сақталуына жауапты тұлғалар өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға, жұмыс барысындағы кемшіліктерге, проблемаларға тоқталып, оларды бірлесе шешу ­жолдарын қарастырды. Сонымен қатар жүктің сақталмауын болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-алдын алу шаралар легі түзілген кешенді, мақсатты, қысқа мерзімді тағысын тағы жоспар түрлері жасалды.

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады