Жүрек қалауы
... Қызылорда бекетінен жүгіре басып жүргелі тұрған пойызға мініп үлгерген бойжеткен вагондағы орнын келіп жайғасқан соң да біраз уақыт тиыныштала алмай айналасына қарап алаңдаумен болды.
Арманы мен қиялына қанат біткен жас қыздың жүрегі пойыздың дүрсілімен қатар соққандай... талай жыл арманына айналған ару Алматыны көретініне сенер сенбесін білмейтіндей. Кеудесін кернеген қуанышымен қатар қалып бара жатқан туған қаласын да кимай терезеден сыртқа зер салған. Қарсы бетте өзіне сүйсініп қарап отырған әйел кісіні байқап ұялып қалды. Бойжеткен сол жылы жүзді бейтаныс жанның тағдырына ықпал ететін ол кезде сезген жоқ...
Бақытгүл Боранбаеваның пойызда танысқан сол апайы Алматы -2 станциясында кадр бөлімінің бастығы Зоя Мусанова болатын. Жол бойы әңгіме дүкен құрған екеу лезде тіл табысты. Теміржолшы кәсібінің қыры мен сырына қанықтырған апайының кеңесімен Бақытгүл Алматы темір жол институтына құжат тапсырып, оқуға түсіп кетеді. Табиғатынан пысық әрі еңбекқор Бақытгүл оқу оқып жүріп, тәжірибесін де ұштастырады. Еңбек жолын Алматы станцияда пойыз қабылдаушы болып бастап, пойыз жөнелтуші багаж және жүк қабылдап- өткізуші, заттарды іздестіру бөлімінде з диспетчер, вокзал кезекшісі сынды қозғалыс саласының барлық қызметінде тәжірибе жинайды. Арқа сүйер азаматы да теміржолшы болып жолығып, от басын құрған Бақытгүл Қуанқызы салада табаны күректей 40 жыл еңбек етеді. Теміржолшы кәсібі өзінің жүрек қалауы болғанын айтады. Талай ыстықты да, суықты да бастанк ешсе де өз кәсібін сүйген жан ешқашан өкінген емес.
–Теміржолға келіп өзіме жанашыр жандар, жақсы жар, ұл менен қыз, ұйымшыл ұжым, соңымнан ерген шәкірттер таптым. Теміржолдың арқасында еш қиындық көрмедім. Алматы шаһарынан үйлі болдық. Қырық жылдық тәжірибемнен ұққаным, теміржол барда – тіршілік бар! Сондықтан жастарға айтарым, саланың темір тәртібіне мойынсұнып жалықпай еңбек етіңдер, арман-мақсаттарыңа жетесіңдер, – деп ақыл айтады теміржолшы мамандығын таңдаған жастарға.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді