Астанадағы мектеп, колледждерде теміржол сыныбы ашылады

Жаңалықтар
05.08.2025, 10:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2025 жылғы қаңтар айынан бастап елордадағы мектептер мен колледждерде сервис, тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды.

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, әрбір бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бейінді оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептер бекітілді. Жобаға 7 ЖОО, Астана қаласының 21 колледжі мен 70 мектебі қатысады.  

Бейінді 8-11 сыныптарда барлығы 2892 білім алушы қамтылды, оның ішінде теміржол көлігі бойынша 5 сынып, білім алушылар саны – 121, оның ішінде мемлекеттік тілде – 91, орыс тілінде 30 адам болып отыр.  

2025 жылғы 1 ақпанда колледждер мектептермен келісілген тақырыптық жоспарлар әзірледі. Бейінді сыныптардың әр бағытына Астана қаласының әдістемелік орталығының жауапты әдіскерлері бекітілді. Бейінді сыныптардағы сабақтарды 170 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді.  

Сабақтарды өткізу формалары: дәрістер, шебер-сыныптар, экскурсиялар, тренингтер, жобалық жұмыстарды қорғаумен дөңгелек үстел, слет және басқалар. Бейінді сыныптардың жұмысына колледждердің әлеуметтік серіктестері жұмылдырылған. Кәсіптік бағдар беру жұмысы әрбір білім алушыға нақты мамандықты таңдауға емес, саналы, дербес кәсіби таңдауды жүзеге асыруға, өз таңдауы үшін жауапты және кәсіби мобильді болуға мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті