Білімді арттыру – уақыт талабы
Жаңалықтар
18.07.2016, 12:19

Атырау локомотив пайдалану депосының машинисі Бауыржан Қалдыбаев бірден темір тұлпарды тізгіндей қойған жоқ. Бірнеше жыл тәжірибе жинақтады. Әскери борышын өтеп келген жас маман алдымен тепловоз машинисі көмекшісі қызметін атқарды. Көп жылғы абыройлы еңбегінің өтеуіне «Құрметті теміржолшы» атағын алды. Бүгінде ол жас мамандарға бағыт-бағдар берген тәлімгер ұстаз.
80 жылдар алып саланың қарқынды дамуды бастан өткеріп, жаңа бағытта темір жол табандарының төселіп, теміржолшы мамандардың дайындалуына аса көңіл бөлінген уақыт болатын. Әрі темір жол ең тұрақты, қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы орасан зор әлеуетке ие сала болды. Сондықтан болар, мектептен соң жастар темір жол саласына ешбір насихатсыз-ақ оқып, ағылып жатты. Сол жастардың қатарындағы Бауыржан Қалдыбаев машинист болып тепловоздың тізгінін 1985 жылы ұстады. «Атырау – Ганюшкино – Құлсары» бағыттарында жүретін жолаушылар пойызын тізгіндеген ағамыз еңбек жолында әріптестері секілді жауапкершілікті жұмысты ыждағатты атқара білді. Машинистің міндеті пойызды уақытында діттеген жеріне жеткізіп, оның қауіпсіздігін тексеріп, қайтадан жол сапарға шығу болса, осы қызметтің бәрін де Бауыржан ағамыз аса жауапты, ұқыпты атқара білді. Жыл сайын оның есімі ұжым алдында аталып, сала мамандарына берілетін арнаулы дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. –Машинист болғанымды мақтан тұтамын. Еңбек жолын бірге бастаған жігіттердің бәрімен әлі күнге дейін қатар келе жатырмыз. Бәріміз бір үйдің балаларындай болып, жұмыстан тыс уақытта және өзара теміржолшылар арасында спартакиада өткенде футболды серік етеміз. Заман ағымына қарай бір-бірімізбен әлі күнге дейін тәжірибе алмасудамыз. Заманауи техникалардың қолданысқа берілуі, оны меңгерудегі ерекшеліктер бізден ізденіс, терең білім талап етеді. Оны игеру жолында қателікке ұрынбауымыз керек. Мені ойландыратыны, жастардың темір жол саласына келуден қашқақтауы. Айтатын уәждері, темір жол саласындағы аса ұқыптылық пен зор жауапкершілік жүгін арқалау оңай емес. Бірақ көз қорқақ, қол батыр деген бар. Талап пен талпыныс, еңбек пен білім ұштастыра отырып, барлық қиындықты жеңіп шығуға болады, – деп жастарға ақыл-кеңес береді жас машинистердің ұстазы Бауыржан Қалдыбаев.Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, Атырау
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты